Accessibility links

Өзбекстанда бүгін уақытша президент жариялануы мүмкін


Өзбекстан парламенті (Көрнекі сурет).
Өзбекстан парламенті (Көрнекі сурет).

Өзбекстанда бүгін парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы өтіп жатыр. Жиында таяуда науқастанып қайтыс болған Ислам Каримовтың орнына болатын уақытша президенттің аты-жөні жарияланбақ.

Өзбекстан конституциясы бойынша, президент қайтыс болып, немесе қызметін атқару қабілетінен айырылса үш ай мерзімге оның міндетін сенат спикері атқара тұрады. Өзбекстан сенатының спикері Нигматулла Юлдашев қызметін 2015 жылдың қаңтарынан бері атқарып келеді.

Парламент палаталарының жиынында президент сайлауының мерзімі жарияланатыны, я жарияланбайтыны белгісіз.

Өзбекстанды 1989 жылдан бері басқарған Ислам Каримов 78 жасында қайтыс болды. Өзбекстан үкіметі оның 2 қыркүйекте инсульттен көз жұмғанын хабарлап, 3 қыркүйекте туған қаласы Самарқанға жерледі.

XS
SM
MD
LG