Accessibility links

Алматыда "Таяу Шығысқа жиһадқа бармақ болған" тұрғын сотталды


Алматы қалалық соты (Көрнекі сурет).

Алматы қалалық соты (Көрнекі сурет).

Алматыда Таяу Шығыс аймағына соғысуға бармақ болды деп айыпталған тұрғын сотталды деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Алматы қалалық прокуратурасының аға прокуроры Ермек Қашағановтың айтуына қарағанда, Түрксіб аудандық соты 27 жастағы тұрғын Қайрат Оромбековты үш жарым жылға бас бостандығынан айыру үкімін кескен.

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, сотталушы 2015 жылдың қараша және желтоқсан айларында Қазақстаннан Түркия арқылы Сирияға, одан ары Иракқа барып, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының қатарында соғысуға әрекеттенген.

Прокурор сонымен қатар сотталушы "әлеуметтік желілерде таныстарымен хат жазысып, аталған елдерге қарулы қарулы жиһад жасау үшін бару ниеті барын білдіргенін" айтады.

Сот Оромбековке дүние-мүлкін тәркілеп, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеу жазасын кескен.

XS
SM
MD
LG