Accessibility links

Грузияда НАТО елдері қатысқан жаттығулар аяқталды


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг (сол жақта) пен Грузия президенті Георгий Маргвелашвили. Тбилиси, 8 қыркүйек 2016 жыл.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг (сол жақта) пен Грузия президенті Георгий Маргвелашвили. Тбилиси, 8 қыркүйек 2016 жыл.

Грузияда НАТО мемлекеттерінің қатысуымен өткен жаттығулар аяқталды. Грузияның оңтүстігінде, Түркиямен шекара маңындағы «Орфоло» полигонында қыркүйектің 1-інде басталған Agile Spirit 2016 жаттығуларына 1200-ге жуық әскери қызметкерлер, соның ішінде АҚШ, Болгария, Румыния, Украина, Латвия және Түркиядан ондаған сарбаз қатысқан.

Авиация мен артиллерия белсенді қолданылған жаттығулар екі кезеңнен тұрды: «Орфоло» полигонында нысана атудан және Тбилиси маңындағы Крцанисидегі орталықта штабтық-басқару жаттығулары өтті.

Жаттығудардың аяқталуына арналған салтанатты рәсімде Грузия президенті және бас қолбасшысы Георгий Маргвелашвили дәл осы жерде «саны аз болғанымен өте күшті халық 3 мың жыл бойы өз жерін өзінен күшті жаудан жанқиярлықпен қорғап, 21 ғасырға дейін сақтап қалған» деп мәлімдеген. Грузия қорғаныс министрі Леван Изорияның сөзінше, жаттығуларға қатысушы елдерді ортақ құндылықтар – адам құқықтары мен бостандықтары біріктіреді. Грузия қарулы күштері бас штабының бастығы Вахтанг Капанадзе: «Біз соғысты емес, соғыс бізді таңдайды. Сондықтан біз соғысқа әрдайым дайын болуымыз керек» деп мәлімдеген.

2011 жылдан бері жыл сайын өткізілетін Agile Spirit жаттығулары Грузияның АҚШ және НАТО-мен ынтымақтастығының құрамдас бөлігі болып табылады. Грузин армиясының жауынгерлері осы жаттығулар аясында халықаралық бітімгерлік миссияларына қатысу үшін дайындықтан өтеді.

Биылғы жаттығулар кезінде Грузияға НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг барған. Тбилисиде НАТО-ның жоғары органы – «Еуроатлантика кеңесі» отырысы өткен.

XS
SM
MD
LG