Accessibility links

Матаевтардың сотында судья операторларды залдан шығарды


Сейітқазы Матаевқа қатысты сот ісі өтіп зал.

Сейітқазы Матаевқа қатысты сот ісі өтіп зал.

Астанада өтіп жатқан Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың сотын судья видеооператорлардың сот залынан шығуын талап етті.

Астанадағы Есіл аудандың №2 сотында өтіп жатқан процесс кезінде прокурор судья Ақболат Құрмантаевтан БАҚ өкілдерін сот залынан шығарып, арнайы жабдықталған бөлмеге жіберуін сұраған. Судья прокурор сөзін қолдады.

Ал адвокат Мадина Бакиева журналистердің сот залында отыруы процеске кедергі келтірмейтінін айтты. КАЗТАГ агенттігінің директоры Сейітқазы Матаевтың ұлы Әсет Матаев та БАҚ өкілдерінің сот залында қалуын талап етті. Бірақ судья бұл талаптарды қанағаттандырмады.

Бүгінгі сот отырысында Сейітқазы Матаев алғаш рет жауап беруі тиіс болған. Бірақ Матаев сотта әлі сөз алған жоқ,

Биыл 22 ақпанда «мемлекет қаржысын жымқырған» және «салықтан жалтарған» деген күдікпен ұсталған Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев 24 ақпанда үйқамаққа алынған. 28 наурызда оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігі бас директоры Әсет Матаев та үйқамаққа алынды. Әкелі-балалы Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарып, «келген зиян» туралы айыптау толыққанды аудиторлық тексеру жүргізілместен тағылғанын айтады. Мамыр айында Сейітқазы Матаевтың адвокаттары оған тағылған айып "қызмет өкілетін пайдаланып өзіне артылған сенімді теріс мақсатқа пайдаланды" деген ауыр бапқа өзгергенін хабарлаған. Әсет Матаевқа қатысты айып та осыған ұқсас өзгертілген.

XS
SM
MD
LG