Accessibility links

Ақтоты Райымқұлова мәдениет және спорт вице-министрі болды


Ақтоты Райымқұлова, мәдениет және спорт вице-министрі.
Ақтоты Райымқұлова, мәдениет және спорт вице-министрі.

Мәдениет және спорт вице-министрі болып Ақтоты Райымқұлова тағайындалды деп хабарлайды Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі.

Райымқұлова 2014 жылдан бері министрліктің мәдениет және өнер істері департаментінің директоры, оның алдында мәдениет және өнер ісі комитетінің төрағасы болған. Әр жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының концертмейстері болған, Қазақ қыздар педагогикалық институтында оқытушы болған.

Ақтоты Райымқұлова бірнеше музыкалық шығармалардың авторы саналады.

XS
SM
MD
LG