Accessibility links

Черногориядағы сайлауда батысшыл партия алда тұр


Парламент сайлауында дауыс беріп тұрған сайлаушы. Подгорица, Черногория, 16 қазан 2016 жыл.
Парламент сайлауында дауыс беріп тұрған сайлаушы. Подгорица, Черногория, 16 қазан 2016 жыл.

Черногориядағы парламент сайлауында премьер-министр Мило Джукановичтің батысшыл "Социалистердің демократиялық партиясы" алда тұр. CEMI агенттігі сайлауда берілген бюллетендердің 20,6 пайызын санағандағы нәтижеге сүйене отырып, іс басындағы партия 42,2 пайыз, оппозицияшыл "Демократиялық майдан" партиясы - 22,8 пайыз, тағы бір оппозицияшыл "КЛЮЧ" одағы - 11,6 пайыз дауыс жинайды деп болжайды.

Сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 73 пайызы қатысқан. Сарапшылар бұл сайлауды "Черногорияның Ресей, я Батысты таңдауы" деп атайды.

XS
SM
MD
LG