Accessibility links

Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті


Қырғызстанның отставкаға кеткен премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков (оң жақтан екінші) пен үкімет мүшелері.

Қырғызстанның отставкаға кеткен премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков (оң жақтан екінші) пен үкімет мүшелері.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев өкіметті отставкаға жіберу туралы бұйрыққа қол қойды деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Президенттің баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, үкімет басқарушы коалицияның ыдырауына байланысты отставкаға жіберілген.

24 қазанда Социал-демократиялық партиясы басқарушы коалиция құрамынан шыққан. Бүгін парламент жиынында коалицияның ыдырағаны ресми түрде жарияланды.

"Тұрақтылық, сенім және жаңа мүмкіндіктер" деп аталған коалиция былтыр қарашада құрылған еді. Коалицияға Социал-демократиялық партиясы, "Қырғызстан", "Ата Мекен" және "Өнүгүү-Прогресс" партиялары кірген.

Қырғызстан конституциясы бойынша, коалиция құрамынан бір партия шықса, онда коалиция ыдырап, коалиция жасақтаған үкімет отставкаға кетеді.

Социал-демократиялық партиясының жетекшісі Иса Омуркулов партияның коалициядан шығуына "ымыраға келмейтін саяси көзқарастар" себеп болғанын, жаңа үкімет құрамында айтарлықтай өзгерістер болмайтынын айтқан.

XS
SM
MD
LG