Accessibility links

Ресей Қазақстандағы Ембі әскери полигонын жалдауды тоқтатты


С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізу үшін нысана атуға даярланып жатқан ресейлік әскерилер. (Көрнекі сурет.)
С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізу үшін нысана атуға даярланып жатқан ресейлік әскерилер. (Көрнекі сурет.)

Ресей Қазақстандағы Ембі полигонын жалға алу және пайдалану бойынша келісімді тоқтату туралы екі ел арасындағы мемлекетаралық хаттамаға қол қойған деп хабарлайды ресейлік ақпарат агенттіктері. Оған сәйкес, ресейлік әскерилер жаттығатын полигон ретінде пайдаланылып келген 300 мың гектардан астам жер Қазақстанның өзіне қайтарылып беріледі.

«Қазанның 20-сы күні Ресей қорғаныс министрі, армия генералы Сергей Шойгу Қазақстан аумағында орналасқан Ембі полигонын жалға алу және пайдалану жөніндегі келісімді тоқтату туралы қазақстандық-ресейлік мемлекетаралық хаттамаға қол қойды» деген Ресей қорғаныс вице-министрі Анатолий Антоновтың сөзіне сілтеме жасайды агенттіктер.

Вице-министрдің айтуынша, хаттама Ресейдің Қазақстаннан жалға алған сынақ полигондардың жер учаскелерін оңтайландыру бойынша Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісімін жүзеге асыру мақсатында даярланған. «Бұған қоса Ресей тарабы федералдық бюджеттен полигонды жалдау үшін жыл сайын жұмсалатын 0,718 миллион доллар көлемінде қаржы үнемдейді» деген Антонов.

Әуе қорғанысы күштерінің Ембі сынақ полигоны 1960 жылы Ақтөбе қаласынан 200 шақырым жерде ашылған.

XS
SM
MD
LG