Accessibility links

АҚШ Өзбекстан билігін саяси тұтқын Самандар Коконовты босатуға шақырды


Өзбек Жоғарғы кеңесінің бұрынғы депутаты Самандар Коконов түрмеге түскенге дейін.

Өзбек Жоғарғы кеңесінің бұрынғы депутаты Самандар Коконов түрмеге түскенге дейін.

АҚШ ресми Ташкентті Өзбекстанда түрмеде ең көп уақыт отырған оппозиционерлердің бірі Самандар Коконовты босатуға шақырды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы. АҚШ-тың Өзбекстан билігін Коконовты босатуға шақырғанын АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Ниша Бисвал растады.

Өзбек Жоғарғы кеңесінің депутаты болған 72 жастағы Самандар Коконов Өзбекстанда 23 жылдан бері түрмеде отыр. Ол 1993 жылы шілдеде мемлекет қаржысын жымқырды деген айыппен ұсталып, кейін 20 жылға сотталған. 2014 жылы оның түрмеде отыру мерзімі тағы үш жылға ұзартылған.

Чиназдағы мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директоры Самандар Коконовтың түрме жазасы биыл 6 қазанда аяқталған еді. Өткен айда Өзбекстан соты оған "түрменің ішкі ережесін бұзды" деп тағы үш жыл жаза кесті.

Коконовтың жақтастары оған тағылған айыпьың саяси астары бар деп санайды.

XS
SM
MD
LG