Accessibility links

Астанада аязға бола бастауыш сыныптарда сабақ тоқтады


Астанада кеңсе алдын қардан тазалап жүрген аула сыпырушы (Көрнекі сурет).
Астанада кеңсе алдын қардан тазалап жүрген аула сыпырушы (Көрнекі сурет).

Астанада бүгін қатты аяздан мектептерде бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды деп хабарлады қала әкімдігі. Әкімдік сайтындағы ақпаратта "температураның төмендеуіне байланысты бірінші-төртінші сынып аралығында оқитын оқушыларға сабақ тоқтатылады" делінген.

Әкімдік сайтындағы жеке хабарламада мектептерде сабақтың қандай жағдайда тоқтатылатыны айтылған. Сабақтың тоқтатылатыны туралы мәліметті SMART Astana қосымшасынан, телефон арқылы 109 нөмірінен (ұялы телефондар үшін тегін), Астана әкімдігінің электрондық қызметтер порталынан және қалалық білім басқармасының сайтынан көруге болады.

XS
SM
MD
LG