Accessibility links

Трамп Обаманың сыртқы саясатын сынаған адамға кеңесші қызметін ұсынды


АҚШ әскери барлау қызметінің бұрынғы басшысы Майкл Флинн Нью-Йорктегі Дональд Трамптың кеңсесі орналасқан Trump Tower кеңсесінде. 14 қараша 2016 жыл.

АҚШ әскери барлау қызметінің бұрынғы басшысы Майкл Флинн Нью-Йорктегі Дональд Трамптың кеңсесі орналасқан Trump Tower кеңсесінде. 14 қараша 2016 жыл.

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп бұрынғы әскери барлау қызметінің басшысы Майкл Флиннге өзінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі қызметін ұсынды деп хабарлады 17 қарашада америкалық ақпарат құралдары. Флиннің ұсынысты қабылдағаны, я бас тартқаны әзірге белгісіз, бірақ Reuters агенттігі Трампқа жақын дереккөзіне сілтеме жасап "АҚШ президенті жұмыс ұсынса, бір ғана жауап болады" дегенін хабарлады.

Майкл Флинн әскери барлау қызметін 2014 жылы отставкаға кеткенге дейін Барак Обаманың тұсында екі жыл басқарған. Отставкаға кеткен соң ол Обаманың сыртқы саясатын ашық сынап шықты. Флинн әсіресе Обама әкімшілігінің "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күрес әдісін ерекше сынап, қазір АҚШ-тың терроризм қаупінен 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі шабуылдарға дейінгі кезеңнен әлдеқайда әлсіз қорғалғанын айтқан. Флинн Республикашыл партияның съезінде сөз сөйлеп, өзінің ИМ-нен төнетін қауіпке әскери жолмен қарсы тұруды күшейту керек деп санайтынын мәлімдеген. Ол сол кезде Вашингтон ИМ-мен күресте Ресеймен анағұрлым тығыз ынтымақтастық орнатуы тиіс деген.

Дональд Трамп терроризммен күрес тақырыбын сайлауалды кампаниясында жиі көтерген. Майкл Флинн АҚШ-тың сыртқы саясатына қатысты Трамптың сайлауалды кампаниясында айтқандарына, оның ішінде Иранмен келісімді қайта қарау сияқты басқа да мәлімдемелер жасаған.

XS
SM
MD
LG