Accessibility links

Абақанов: Алматы ғимараттарының сейсмологиялық картасы 2 жылда жасалады


Сейсмология институтының директоры Таңатқан Абақанов (оң жақта) Азаттық радиосының тілшісі Нұрбек Түсіпханға сұхбат беріп отыр. Алматы, 29 қараша 2016 жыл.
Сейсмология институтының директоры Таңатқан Абақанов (оң жақта) Азаттық радиосының тілшісі Нұрбек Түсіпханға сұхбат беріп отыр. Алматы, 29 қараша 2016 жыл.

Алматының сейсмикалық белсенділігінің жаңа картасы екі жылда дайын болады деп мәлімдеді бүгін сейсмология институтының директоры Таңатқан Абақанов. Бұл туралы ол Азаттықтың AzattyqLIVE хабарында айтты.

Абақановтың сөзіне қарағанда, Алматыдағы ғимараттардың сейсмологиялық картасын жасау ісі 2012 жылы басталған. Ол кезде қала аумағы 35 мың 80 гектар болатын. Кейін, 2014 жылы қала аумағы екі есеге дейін кеңейітіліп, 70 мың 200 гектарға жеткен. Ол қаладағы ғимараттардың сейсмологиялық беріктігі, қай ғимараттың қанша баллдық жер сілкінісіне төзе алатыны, қайсысы апатты жағдайда тұрғанын анықтауға екі жыл уақыт кететінін айтады.

Алматы қаласы 1887, 1889 және 1911 жылдары күшті зілзаланы бастан өткерген, сол себепті сейсмикалық қауіпті аймақ ретінде танылған. Тарихи деректерге қарағанда, 1911 жылғы жер сілкінісі 9 -10 балға жетіп, Верныйда (Алматының сол кездегі атауы - ред.) зілзаладан зардап шекпеген бір де бір үй қалмаған еді.

Таңатқан Абақанов 2013 жылы ақпанда Алматының сейсмикалық картасын жаңартуға аз дегенде үш-төрт жыл керегін, карта 2015 жылы дайын болатынын айтқан еді.

XS
SM
MD
LG