Accessibility links

БАҚ: Ұлыбритания Ресейге қарсы жаңа санкция салуды талап етпек


Борис Джонсон, Ұлыбритания сыртқы істер министрі.
Борис Джонсон, Ұлыбритания сыртқы істер министрі.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Борис Джонсон Сириядағы жағдайға байланысты Ресейге жаңа санкциялар салуды талап етпек деп жазады британдық Times газеті. Басылымның мәліметінше, Джонсон санкция салуды бүгін Италияның Лукка қаласында өтетін "Үлкен жетілік" елдері министрлерінің кездесуінде көтермек.

Өткен сенбіде Джонсон 10 сәуірге Мәскеуге жоспарлаған сапарын "Сириядағы жағдайдың түбегейлі өзгеруіне" байланысты доғарған. Ұлыбритания министрі қазір негізгі басымдығы - серіктестермен Сирияда бітімге қол жеткізу және осы елдегі саяси процесті белсенді қылу жолдарын талқылау екенін мәлімдеді.

4 сәуірде Сирияның Идлиб провинциясының Хан-Шейхун қаласында химиялық қару қолданылып шабуыл жасалған. Шабуылдан ондаған бейбіт тұрғын қаза тапқан. АҚШ пен оның одақтастары шабуылға Ресей қолдайтын Башар Асад әскерін айыптаған. Бірақ Дамаск оны жоққа шығарған.

7 сәуірде АҚШ Сирияның Шайрат әуе базасын зымыранмен атқылаған. Пентагонның мәліметінше, химиялық қарумен шабуыл жасаған ұшақтар осы базадан ұшып шыққан.

XS
SM
MD
LG