Accessibility links

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай тағы да зымыран ұшырды


Зымыран сынағын бақылап тұрған Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын.
Зымыран сынағын бақылап тұрған Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын.

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай тағы да зымыран ұшырды. Мұны Оңтүстік Кореяның әскери қолбасшылары мен Жапония премьер-министрі Фумио Кисиду айтты.

"Сеул мәліметіне қарағанда, Солтүстік Корея жерінен екі зымыран ұшқан" деп хабарлайды "Рёнхап" агенттігі. Зымыран құлап, қандай да бір шығын келгені туралы ақпарат жоқ.

Жапонияның NHK телеарнасының хабарлауына қарағанда, жапон үкіметі зымыран атылғаны туралы ақпарат жинауға кіріскен. Олардың ұшу қашықтығы 620 шақырымға жеткен. Өзге сипаттамалары әзірге беймәлім.

  • Солтүстік Корея Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың бірлескен әскери жаттығуы басталған күннің ертеңіне зымыран ұшырып отыр. Солтүстік Корея 12 наурызда Жапон теңізінде жүрген суасты қайығынан қанатты екі зымыран атқан. Пхеньян жыл басынан бері барлығы алты зымыран ұшырған.
  • 2022 жылы Солтүстік Корея 37 рет зымыран ұшырып, алысқа ұшатын 70 зымыран атқан. Бұл жаттығулар барысында Солтүстік Корея Жапония мен Оңтүстік Кореяға қарай зымырандарын ұдайы бағыттап отырған.
  • Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран мен ядролық қару жасау бағдарламасына БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің резолюциясы тыйым салған. Алайда Пхеньян бұл қару Вашингтон мен оның одақтастарының "дұшпандық саясатына қарсы қолдану үшін керек" деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG