Accessibility links

Обама: Ливиядағы операция көптеген адамның өмірін сақтады


АҚШ президенті Барак Обама американдықтарға Ливиядағы әскери миссия анық және шектеулі деп мәлімдеді. Обаманың айтуынша, Ливиядағы операция көптеген қарапайым азаматтардың өмірін сақтап қалған.

Радиодан халыққа жасаған жолдауында Обама Ливияның қорғаныс мүмкіндіктері жойылды, Каддафи күштері әлсіреді, ал көтерілісшілердің бақылауында болған Бенгази сияқты қалаларда Каддафидің әскерилеріне тойтарыс берілді деп атап көрсетті.

Ақ үйдің мәліметінше, Обама дүйсенбі күні телеарна арқылы мәлімдеме жасап, АҚШ-тың Ливия қақтығысындағы мақсаттарын түсіндірмек.
XS
SM
MD
LG