Accessibility links

ОСК түске дейін 3,7 миллионға жуық адам дауыс берді деп хабарлады


Орталық сайлау комиссиясының хабарлауы бойынша, жексенбі күні өтіп жатқан Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы барысында тізімге алынған сайлаушылардың 3,7 миллонға жуығы түске дейін дауыс беріп үлгерген. Бұл туралы ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен хабарлады.

Оның айтуынша, бұл жалпы сайлаушы санының 40,3 пайызын құрайды. Қазіргі деректер бойынша, Алматыда бар болғаны – 13,4 пайыз немесе 128,5 адам дауыс берген. Алматы облысында – тұрғындардың 60,5 пайызы немесе 531,1 мың адам дауыс беріп тастаған.


Елдегі тоғыз мыңнан астам сайлау учаскелерінде бүгін таңертеңгі сағат 7-де басталған дауыс беру кешкі сағат сегізге дейін жалғасады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG