Accessibility links

Евгений Жовтис колониядан демалысқа шықты


Қазақстандық адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 10 ақпан 2010 ж.
Қазақстандық адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 10 ақпан 2010 ж.
Шығыс Қазақстандағы қоныстану колониясында жазасын өтеп жатқан қазақстандық адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтисті 15 тәулікке демалысқа шықты деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

«Оны демалысқа жіберді. Ол колонияда жұмыс істейді, сондықтан басқалары сияқты демалысқа шыға алады», - деп хабарлаған бүгін Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі бюроның кеңсесінен.

Әріптестері Жовтистің қазір Өскеменде жүргенін айтады. Соңғы алты ай ішінде Жовтис осымен үшінші рет демалысқа шығып отыр. Тамыз айында колония әкімшілігінің комиссиясы Евгений Жовтис мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмай тастаған болатын.

2009 жылы қыркүйекте Алматы облысы Балқаш аудандық соты Қазақстандық адам құқықтары жөніндегі бюроның директоры Евгений Жовтисті сол жылы шілденің 26-сы күні Алматы облысы аумағындағы Қараой - Алматы күре жолында болған жол-көлік оқиғасында жаяу жүргіншіні қағып өлтіргені үшін айыпты деп тауып, оны 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған еді.
XS
SM
MD
LG