Accessibility links

Бүгін Қазақстандағы мыңдаған мектептерде алғашқы қоңырау соғылды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балғын шәкірттер өз өмірлеріндегі тұңғыш сабаққа қатысты.

Жаңа оқу жылында республика бойынша 18 жаңа мектеп ашылады деп жоспарланған болатын. Солардың бірі –1200 оқушыға арналған жаңа орта мектептің ашылуы салтанатына қатысқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы 5 жылда республика бойынша 245 мектеп салынады, деп мәлімдеді бүгін Астана қаласында.
Бұған дейін Қазақстанның Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев биылғы жылы елдегі мектептердің жалпы саны 7725 бірлікті құрайтынын, жаңа оқу жылында болашағы жоқ ауылдар мен оқушылардың жетіспеушілігіне байланысты 26 мектеп жабылатынын хабарлаған болатын.
Ресми деректерге сәйкес, Қазақстандағы жалпы орта бiлiм мекемелерiнiң желiсiндегі мекемелерде 2,5 млн-нан астам шәкірт оқып, білім алады.
Сонымен бірге, Әділет министрлігінің қарамағындағы қамау орындарында сот үкімімен жазасын өтеп жатқандар арасында орта білімі жоқ 5 мыңнан астам азамат үшін де бүгін жаңа оқу жылы басталды. Олардың қамау орындарындағы 51 оқу мекемесінде орта білім алуға мүмкіндігі бар.

Алматының №12 қазақ гимназиясындағы алғашқы қоңырау, 1-қыркүйек 2008 ж.
XS
SM
MD
LG