Accessibility links

Ресми ақпарат қашан жалпыға жария болады?


«Азат» партиясы белсенділері шенеуніктердің табыстары туралы ақпаратты жариялау туралы талаппен әкімдік алдында тұр. Талдықорған, 24 сәуір 2009 жыл.

«Азат» партиясы белсенділері шенеуніктердің табыстары туралы ақпаратты жариялау туралы талаппен әкімдік алдында тұр. Талдықорған, 24 сәуір 2009 жыл.

Мемлекеттік органдарды вебсайттарын үнемі жаңартып, жалпыға қажет ақпаратты жариялап отыруға міндеттеу туралы мәселе ресми ортада да талқылана бастады. Бірқатар қоғам өкілдері бұл мақсатқа жету үшін арнайы заң қабылдауға шақырады.


Бейсенбі күні Астанада «Жариялы ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң жобасы жария етілді. Құжатты жақтаушылардың бірі - мәжіліс
Парламент мәжілісінің депутаты Жақып Асанов. Астана, 22 маусым 2010 жыл.
депутаты Жақып Асановтың айтуынша, қарапайым халық мемлекеттік органдардың ішінде не болып жатқанын білуге құқылы. Сонда ғана әрбір азамат өз мүддесін қорғап қана қоймай, мемлекеттік мекемелердің жұмысын қадағалап отыра алады.

Яғни, қоғамдық бақылау күшейеді. Себебі заң қабылданған жағдайда, билік органдары ғана емес, ұлттық компаниялар, ірі кәсіпорындар, бір сөзбен айтқанда бюджеттік қаражатты пайдаланатын барлық ұйымдар қоғамның ақпаратқа деген сұранысын қанағаттаныруға тиісті болады.

САЙТ САПАСЫ БАСШЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН БАЙҚАТАДЫ

Саясаткер Әлихан Бәйменовтың пікірінше, қазіргі күні Қазақстандағы министрліктердің, әкімшіліктер, немесе басқа да мемлекеттік
«Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменов. Алматы, 17 қараша 2005 жыл.
органдардың вебсайты сол мекеме басшылығының, немесе осы іске жауапты адамдардың біліктілігі мен жігеріне байланысты.

«Мысалы, жақында оралмандар жайлы жиналысқа дайындаламын деп, көші-қон комитетінің сайтын қарап шықтым. Және оралмандар өздеріне қажетті ақпаратты ол сайттан таба алмайтынына көзім жетті», - дейді «Ақ жол» партиясының төрағасы.

Әлихан Байменовтың айтуынша, Қазақстанда ең алдымен «Азаматтың ақпарат алу, және ақпарат тарату құқығы туралы» заң қабылдануы керек.

ЖАРИЯЛЫҚҚА ШАҚЫРУ

Егер Жақып Асанов пен БҰҰ даму бағдарламасы, Парламентаризм институты сияқты ұйымдар көксеп жүрген заң қабылданса, қатардағы азаматтар үшін коллегиалды органдардың жиналыстарына қатысуға жағдай туады. Ол үшін тиісті органдар жиынның қашан, қайда өтетінін алдын-ала хабарлап, басқосу өтетін жерден арнайы орындар бөлуі тиіс. Егер орын жоқ болса, телемониторлар арқылы тікелей хабар таратылуы керек.

Мемлекеттік органдар қарапайым азаматтарды қатарына қосып, өзекті мәселелерді талқылауға дайын ба? «Қазақстанда бұл мәселенің
Нұрлан Ерімбетов, «Айт PARK» пікірталас клубының модераторы. Алматы, 3 қараша 2009 жыл.
көтеріліп жатқанының өзіне тәубә», - дейді саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов. Жариялылық туралы, азаматтың ақпарат алу құқығы туралы мәселені талқылайтын жағдайға жеткеннің өзі оң өзгеріс деп санайды ол.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Қазақстандық мамандар заң жобасын бір жарым жылдың ішінде дайындап шықты. «Ақпарат еркіндігі туралы» заңды 25 жыл қорытып, тағы 5 жыл күшіне енгізген ағылшындарды еске алсақ, Қазақстандағы бастаманың немен аяқталары белгісіз.

Ұлыбританияда әрбір адам жүзден астам мемлекеттік мекемеден ақпарат талап ете алады. Азаматтың сауалына 20 күннің ішінде жауап беру - міндет. Біріккен корольдікте де ұлттық қауіпсіздік; ішкі, сыртқы саясат; монарх әулетінің хаттары сияқты көпшілікке жарияланбайтын тақырыптар бар.

Құрама Штаттарда «Ақпарат еркіндігі туралы» заң 1967 жылы қабылданған. АҚШ заңының ерекшелігі - Федералды билік органдарына кез-келген елдің азаматы сауал жолдай алады. Ал, мемлекеттік мекеме сауалды қанағаттандырмаған жағдайда, сотқа шағымдануға рұқсат етілген.

Алғашқы болып қоғамдық ақпаратты жария еткен Швеция. XVIII ғасырда «Баспасөз еркіндігі туралы» заң қабылдаған бұл корольдіктің азаматтары тіпті премьер-министрдің қызмет хаттарын оқи алады.

Осы елдердің тәжірибесін зерттеген қазақстандық сарапшылардың айтуынша, ең алдымен елде «қоғамдық маңызы бар ақпарат» ұғымын заңдастыру қажет.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG