Accessibility links

Түркіменбашының Ашхабадтағы алып ескерткіші біржола қиратылды


Жұмысшылар Сапармұрат Ниязовтың ескерткішін біржола қиратты. 26 тамыз 2010 жыл

Жұмысшылар Сапармұрат Ниязовтың ескерткішін біржола қиратты. 26 тамыз 2010 жыл

Тамыздың 26-ы Түркіменстанның бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязовтың көзі тірісінде салынған 12 метрлік ескерткіштің түгі қалмай бұзылды.

Сапармұрат Ниязовтың бұл әйгілі ескерткіші 1998 жылы Бейтараптық Аркасына орнатылған еді. Ескерткіш күнді бетке алып айналып тұратын. Қазіргі түркімен президенті Гурбангулы Бердімұхамедов биылғы қаңтардың 18-ы алып ескерткішті бұзып тастау туралы бұйрық берген. Солайша жаңа басшы Түркіменбашының кезіндегі жеке басқа табыну үрдісін өзгерткісі келгенін байқатты.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG