Accessibility links

Президенттікке үміткерлер тартысы қыза түсті


Ауғанстан қауіпсіздік қызметінің өкілі президенттікке кандидат Залмай Расулдың жақтастары өткізген жиын барысын төбеден бақылап тұр. Мазари-Шариф, 27 наурыз 2014 жыл.

Ауғанстан қауіпсіздік қызметінің өкілі президенттікке кандидат Залмай Расулдың жақтастары өткізген жиын барысын төбеден бақылап тұр. Мазари-Шариф, 27 наурыз 2014 жыл.

Ауғанстанда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өту мүмкіндігі ұлғайған сайын негізгі үш кандидаттың арасында саяси күрес те қыза бастады.

Ауғанстанда 5 сәуірде өткен президенттік сайлаудың қорытындысы бірнеше аптадан соң белгілі болады. Бірақ негізгі үш үміткер арасында саяси күрес қарқын алып бара жатқаны байқалады.

АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

Ауғанстан президенттігіне кандидат Абдулла Абдулла бәсекелесі Залмай Расулмен кездесіп, екінші кезеңде Расулдың сайыстан шығып, өзін қолдауы мүмкін бе деген мәселені анықтап алуды жөн көрді. Бұрынғы сыртқы істер министрі Расул, алдын ала есеп бойынша, үшінші орында келеді.

«Осындай келіссөздер жабық есіктің ар жағында өтіп, қайтадан сайлау өткізудің қажеті болмауы да мүмкін» деген болжамдар бар, бірақ ондай сценарий конституцияға қайшы келеді.

Бұрын өзі де Ауғанстан сыртқы істер министрі болған Абдулла Расулмен бірігу Ауғанстан президенттігіне кандидат Абдулла Абдулла.

Ауғанстан президенттігіне кандидат Абдулла Абдулла.

мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.

«Біз бұрын бір үкіметтің құрамында бірге жұмыс істеген, көптеген жылдар бойы дос болған адамдармыз» деді Абдулла 9-сәуір күні Reuters агенттігіне берген сұхбатында.

«Сондықтан бұның бәрі жеке басымызға да қатысты. Қалғаны кейбір мәселелер мен саясатқа ортақ көзқарас болса шешіледі. Ол бірлесіп жұмыс істеуге лайық адамдардың бірі. Бұның бәрі – теория. Әңгімелескен кезде бұл тақырыпты қозғаған жоқпыз» деді ол.

2009 ЖЫЛҒЫ ТӘЖІРИБЕ

Ауғанстан жаңалық агенттіктерінің дерегі бойынша, сайлаудың бірінші кезеңінде 50 пайыздан астам дауыс алған үміткер жоқ. Сондықтан екінші айналым мамыр айының аяғында өтетіндіктен, нақты жеңімпаздың есімін есту үшін әлі біраз күтуге тура келеді.

Абдулла мен бұрынғы қаржы министрі Ашраф Гани сайлаудың бейресми нәтижесі бойынша алда келеді. Бірінші айналымның алдын ала нәтижесі 24-сәуір күні белгілі болады. Ал сайлаудың ресми қорытындысы 14-мамырда жарияланбақ, демек, оған дейін мәмілеге келу, айырбас жасауға уақыт жетерлік. Солайша, елдің басшысы кім болатыны шілде айында немесе одан да кеш анықталып қалуы мүмкін.

Қайта сайлау жасамай, құпия келісімге келу конститутцияға қайшы болса да, Ауғанстан сайлау комиссиясының қызметкерлері сайлау учаскелерінен алынған мәліметтерді қортындылап отыр. Кабыл, 8 сәуір 2014 жыл.

Ауғанстан сайлау комиссиясының қызметкерлері сайлау учаскелерінен алынған мәліметтерді қортындылап отыр. Кабыл, 8 сәуір 2014 жыл.

оның да өз артықшылығы бар. 2009 жылғы сайлау кезінде қазіргі президент Хамид Карзай мен Абдулла екінші кезеңге өткен еді. Бірақ Абдулла АҚШ бітімгерлері араласқан, ұзаққа созылған келіссөзден соң екінші айналымда бағын сынаудан бас тартты. Көпшілік алдында ол «сайыстың әділ өтпейтінін білгендіктен сайлауға түспейтін болдым» деген еді. Сол кезде қазіргі президент жеңіске жету үшін алаяқтық жасады деген айыптар көбейді.

Кабулдегі Afghanistan Analysts Network тәуелсіз зерттеу орталығының сарапшысы Мартин ван Биджлерт сценарийдің түрліше өрбуі мүмкін екенін айтады.

– Екінші айналымды болдырмайтын келісімдер қалыптасқан рәсімге сай болмауы мүмкін, бірақ олар амалын табады. Ол міндетті түрде заңға қайшы болмауы мүмкін, егер бәрі келіссе солай шешіледі, - дейді ол.

Ван Биджлерттің айтуынша, үміткерлердің екінші айналымды қаламау себебі – сайлаушылардың еркіне жүгіріп, демократиялық үдерістің перзенттерінің еркелігін көтергісі келмейді. Елде тұрақсыздық болғандықтан екінші кезеңнің құны қымбатқа түсер деген де қауіп бар.

«ЖЕҢІС ТАЗА БОЛСЫН»

Кейбір сайлаушыларға бұндай сценарий ұнамайды. Кабул тұрғыны Рахимулла кез келген делдалдық құпия істі заңсыз әрі демократияға қайшы деп санайды.

– Астыртын келісу арқылы билікке келген үкіметті ешкім жақсы көрмейді. Біз, ауғандар, осы жылы дауыс бердік, енді өзара келіссөзден құтылғымыз келеді. Бұл менің және көптеген тұрғындардың пікірі, - дейді ол.

Жеңіске жететініне сенімді үш үміткердің барлығы да өзара ымыраға келуге Ауғанстан президенті сайлауына дауыс беруге келген азаматтар. 5 сәуір 2014 жыл.

Ауғанстан президенті сайлауына дауыс беруге келген азаматтар. 5 сәуір 2014 жыл.

қарсы екендерін, екінші айналымға сайлауға түсу үшін таласатындарын айтады.

Гани ауғандық сайлаушылардың пікірін тыңдау қажеттігін бірнеше рет айтты. «Жеңіске таза жолмен жету керек» деді ол.

Абдулла да «көпшіліктің таңдауын сыйлап, сахна сыртында сыбырласпау керектігі» туралы айтты.

– Ауғанстанды басқаратын топ айрықша құқыққа ие болмайды. Біздің стратегияның бір бөлігі – барлығын қамту. Бірақ екінші айналымнан құтылу үшін коалициялық үкімет құрмаймыз, - деді ол Reuters агенттігіне.

Фруд Бежанның мақаласын аударған – Динара Әлімжан.
XS
SM
MD
LG