Accessibility links

AzattyqLIVE: Гаджетке тыйым нені білдіреді?


AzattyqLIVE студиясында отырған блогер Нұрлан Жанай мен Азаттық журналисі Кенжебек Нұрқасенұлы. Алматы, 18 наурыз 2016 жыл.

AzattyqLIVE студиясында отырған блогер Нұрлан Жанай мен Азаттық журналисі Кенжебек Нұрқасенұлы. Алматы, 18 наурыз 2016 жыл.

AzattyqLIVE үкіметтің мемлекеттік мекемелерде гаджеттер қолдануға тыйымын блогер Нұрлан Жанаймен талқылады.

Қазақстандық баспасөз құралдары үкімет «ақпараттың сыртқа шығуымен» күресу үшін мемлекеттік мекемелерде шенеуніктерге интернетке шыға алатын жеке байланыс құралдарын ұстауға тыйым енгізетіні туралы хабарлады. Бұл шараға қолдау танытқан кейбір министрлер «өркениетті елдердің көбінде ондай тыйым бар» деген уәж айтты.

Бұл тыйым азаматтардың ақпаратпен алмасуына бақылау орнатуды көздемей ме? «Мессенджер арқылы ақпарат ұрлауға» осылайша тосқауыл қою нәтиже бере ме?

AzattyqLIVE хабары бұл тақырыпты блогер, IT маманы Нұрлан Жанаймен талқылады.

XS
SM
MD
LG