Accessibility links

Шешен үкіметі "өсекпен күрес" науқанын бастады


Шешен президенті Рамзан Қадыров ат жарысты тамашалап отыр. Гудермес, 25 қыркүйек 2011 жыл

Шешен президенті Рамзан Қадыров ат жарысты тамашалап отыр. Гудермес, 25 қыркүйек 2011 жыл

Солтүстік Кавказдағы шағын республиканың басшылығы елді өсектен арылтқысы келеді. Бұл бастама көтеріле сала жеңіл көлік иелері "Аузыңды тек ас ішу үшін аш" деген жазу тағып шыға бастады.

Шешенстандағы билік өкілдері тағы бір оғаштау науқан бастады - бұл жолы олар ел тұрғындарын өсек айтпайтын үлгілі халыққа айналдырғылары келеді.

Үкіметке қарасты жастар комитеті өткен апта республикадағы сыбыр-күбір әңгімені жоятын кампанияға қосылуға үндеді. Кампанияның аты - "Өсексіз өлке".

Бұл бастама жария болысымен көлік иелері "тек жүрсең, тоқ жүресің" деген мазмұндағы түрлі жазулар тағып көшеге шыға бастады. Ұрандардың ішінде "Аузыңды жауып жүр, алысқа барасың", "Аузыңды ас ішу үшін ғана аш", "Құдай өсекке қарсы" деген сияқтылары да бар.

Ұйымдастырушылар мұндай жарнаманы такси мен автобустарға жапсыру арқылы таратамыз деп үміттенеді.
Адамдар кейде тарихи оқиғалар екі рет қайталанады деп дұрыс айтады. Бірінші мәрте трагедия түрінде, екінші мәрте фарс түрінде.
Шешенстанның президенті Рамзан Қадыров өзі туралы көбейіп кеткен анекдоттарды құрту үшін осындай іс-шара ұйымдастыру туралы пәрмен еткен деп ойлайтындар бар. Оның өзіне ұнамай қалған министрлерін сабап та алатыны туралы әзілдер ел ішіне кең тараған.

Бірақ шенеуніктер үшін әзірше "Өсексіз өлке" кампаниясының нәтижесі көңіл көншітерлік болып көрінбеуі мүмкін.

Грозныйдың Сүлеймен атты бір тұрғыны Азаттық радиосының Солтүстік Кавказ қызметіне машинаға жапсырылған ұрандар көбейген сайын ел басшылығы туралы өсектің күшейе түскенін айтты.

- Мұның ешқандай бір жаңалығы жоқ. Сталиннің қол астында да осындай науқандар болған. Бірақ сөйте тұра, билік өкілдері елді көршілерінің сөзін тыңдауға да мәжбүрлеген. Мына кампания да соның бір түрі. Адамдар кейде тарихи оқиғалар екі рет қайталанады деп дұрыс айтады. Бірінші мәрте трагедия түрінде, екінші мәрте фарс түрінде, - деді ол.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG