Accessibility links

Азаттықтың «Әлеумет тілшісі» бол да, iPhone 6S ұтып ал!


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Азаттық вебсайты Facebook желісіндегі оқырмандарының арасында видеобайқау жариялайды. Қатысушылар ел арасынан шыққан тілші ретінде өздері қалаған формада бейнесюжет жібере алады.

Смартфонмен видео түсіруге ебіңіз бар ма, төңірегіңізде болып жатқан оқиғаларды қоғамға жеткізуге асығатын жансыз ба, әлде «журналист болсам» деген кезіндегі арманыңыз кеудеңізден әлі көшпеген адамбысыз? Бұл сипаттар бойыңыздан табылса, Азаттық вебсайты 1-29 ақпан арасында Facebook парақшасында өткізетін «Әлеумет тілшісі» видеобайқауына қатысыңыз.

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ

Байқауға смартфонмен видео түсіре алатын кез-келген жастағы адам қатыса алады. Әлеумет ортасынан шыққан тілші ретінде қатысушы түрлі жанрдағы видеоларын жолдаса болады. Мысалы, оқырманымыздан сыртта өзі куә болған маңызды, я қызықты оқиға орнынан репортаж, я no comment бейнебаян,отбасы өміріндегі бір сәтті немесе дағдарыс кезіндегі тұрмысты сипаттайтын сюжет, көпшілік біле бермейтін кәсібі, я өмірлік ұстанымы ерекше адаммен сұхбат, т.б. күтеміз.

Қатысушы ұзақтығы 2 минуттан аспайтын смартфонда өзі түсірген бір видео жібере алады. Әр эпизодтың соңында автордың «Арнайы Азаттық үшін ...» деп өз атын қосып стэнд-ап жасауы немесе кадр сыртынан айтуы міндетті.

Байқауға қатысушылар сюжеттерін Азаттықтың «Хабар - сізден» түймесі немесе WhatsApp нөмірі (+7 777 328 3888) арқылы жүктеп жіберуі керек. Сапасыз, зорлық-зомбылық сипатты және нәсілдік, ұлттық, жыныстық, әлеуметтік кемсіту белгілері бар видеолар жарияланбайды.

«Әлеуметтік тілшіміздің» шартқа сәйкес келетін репортаждары, сұхбаттары мен сюжеттері Азаттықтың Facebook парақшасындағы жеке топтамасына бірден шығып отырады. Байқау соңында ең көп «лайк» жинаған және бөлісілген видео иесі жеңімпаз деп танылады да, сыйлық ретінде iPhone 6S смартфонын иеленеді. Азаттықтың «әлеуметтік тілшісі» ретінде жаңа қырыңыздан танылып, жүлдегер атануға асығыңыз!

XS
SM
MD
LG