Accessibility links

Сырым мен Төреғалидың айтысы


Айтыскер ақын Сырым Әуезхан. Алматы, 02 мамыр 2011 жыл.

Айтыскер ақын Сырым Әуезхан. Алматы, 02 мамыр 2011 жыл.

Мамырдың 8-9-ы күндері Алматыдағы Студенттер сарайында Төле би, Қазыбек би және Әйтеке билерге арналып «Сүйер ұлың болса, сен сүй» деген атпен екі күнге созылған айтыс өтті.

Сахнаға сегізінші жұп болып астаналық Сырым Әуезхан мен алматылық айтыскер Төреғали Төрәлі шықты.

Сөзін «Төбе биден төрелік кеткен кезде, бала биді бірауыз тыңдаңыздар» деп бастаған астаналық Сырым Әуезхан 2011 жылы «Төртеу түгел болса» деген атпен Алматыда өткен айтысты еске алып, Төреғали Төрәліге былай деді:

– Сол айтыста мен ағамнан жеңіліп ем,
Бірақ та түсіндім ғой гәпті бүгін.
Айнұрдың барлық сөзін қайталапсың,
Білініп ақындыққа жат қылығың.
Айнұрменен жабылып жеңіпсіңдер,
Есесін қайтарайын нақты бүгін.
Айнұрға және тағы басқаларға
Жаздырып, сан айтыста ақты жырың.
Басқа ақынның сөздерін айтып шығар,
Апырай, бұл пәленің әккі қуын.
Ағасы, өлтірсең де, айтып өлтір,
Осы жолғы сөзіңнің авторы кім?

Айтыскер ақын Төреғали Төрәлі. Республика сарайында өткен «Ретро-айтыста» сахнада отыр. Алматы, 2 маусым 2012 жыл.

Айтыскер ақын Төреғали Төрәлі. Республика сарайында өткен «Ретро-айтыста» сахнада отыр. Алматы, 2 маусым 2012 жыл.

Мұндай тосын шабуылға абдырап қалған Төреғали Төрәлі «сахнада қайтесің сүріндіріп» деп, жалтара жауап қатты:

– «Айтысқа Астанадан келдім» дейді,
Алғандай айтысудың тілін біліп.
Шамаң келсе көрейік, жеңіп көргін,
Алсаң сен бұл ағаңның сырын біліп.
Екеумізде халықтың ақынымыз,
Сахнада қайтесің сүріндіріп.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG