Accessibility links

Діни радикализмнің бетін қалай қайтаруға болады?


Ақтөбеде содырлар шабуыл жасап, адамдар қаза тапқан қару-жарақ дүкені алдына гүл шоқтарын қойып жатқан жұрт. 8 маусым 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақтөбеде содырлар шабуыл жасап, адамдар қаза тапқан қару-жарақ дүкені алдына гүл шоқтарын қойып жатқан жұрт. 8 маусым 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

AzattyqLIVE «Қазақстандағы діни радикализмнің бетін қалай қайтаруға болады?» деген сауалды теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетаймен талқылады.

Ақтөбеде маусымның 5-і қарулы топ қару дүкендерін тонап, әскери бөлімге шабуыл жасады. Шабуылдаушылар қолынан жеті адам қаза тапты: үшеуі – әскерилер, төртеуі – бейбіт тұрғын. Шабуылшы топқа қарсы арнайы операциялар бірнеше күнге созылды. 9 күдікті ұсталып, 18 «содырдың»​ көзі жойылғаны хабарланды.

Ақтөбе шабуылдарынан кейін билік және қоғам өкілдері Қазақстандағы діни радикализм жөнінде пікір айтуды жиілетті. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев маусымның 10-ы күні бұл оқиғаны «салафиттер тобының террористік шабуылы» деп бағалады.​

Ішкі істер министрі Қалмұхамед Қасымов маусымның 14-інде «шабуылға Сириядағы әлдебір имамнан тапсырма болған сияқты» деп мәлімдеді.

Ақтөбе облыстық ҰҚКД бастығы Нурлан Қыдырбаев маусымның 15-і күні «Ақтөбе облысында исламның радикалдық ағымын ұстанушылар саны - 1655 адам, оның 90-ны - «жиһад» жасауға оңтайлы сәт күтіп жүргендер» деп хабарлады.

Осыған байланысты AzattyqLIVE хабары «Қазақстандағы діни радикализмнің бетін қалай қайтаруға болады?» деген сауалды теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетаймен талқылады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG