Accessibility links

Шұбаршилік маман «халық жауы» атанғанын айтады


Шұбарши ауылының тұрғыны Ардақ Құбашева. Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши кенті, 14 мамыр 2012 жыл.

Шұбарши ауылының тұрғыны Ардақ Құбашева. Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши кенті, 14 мамыр 2012 жыл.

Ардақ Құбашева ауылдың экологиясы туралы Азаттыққа сұхбат бергені үшін аудан әкімінен қысым көріп жатқанын хабарлады. Әкім Бауыржан Қаниев ол деректі теріске шығармады, бірақ растаған да жоқ.

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылындағы мәдениет үйінің меңгерушісі Ардақ Құбашеваның айтуынша, ол осы ауылдағы ауаның ластығы мен ауыз судың сапасыздығын жария қылғаны үшін «президент күні қарсаңында лаң шығарушы», «тыныш жатқан елді дүрліктіруші» атанған.

– Азаттық 14 қарашада «Шұбарши тұрғындары «белгісіз аурудан» қорқып отыр» деген мақала жариялаған күні аудан әкімі Бауыржан Қаниев 150 шақырым жерден арнайы келіп, мені жиналысқа салды. Әкім жанына учаскелік инспектор және басқалары бар төрт-бес адамды ертіп алған. «Бюджеттен жалақы алып отырғанымды» есіме салып, «тыныш жүр» деді. Мен ештеңені ойдан шығармағанымды, ауылдың ауасы лас екенін айта бастап едім, ол құлақ аспады, – дейді Ардақ Құбашева.

ТҰРҒЫННЫҢ ШАҒЫМЫ МЕН ӘКІМНІҢ ЖАУАБЫ

Ардақ Құбашеваның айтуынша, «кейбіреулер «бас жарылса, бөрік ішіндені» дұрыс көреді – әйтпесе олар да «халық жауы» боп кетуі мүмкін».

– Аудан әкімі маған «Жұмыстан шық! Ауылдың ауасы ұнамаса, көшіп кет!» деді. Мен өзім ғана емес, отбасымның да тағдырына алаңдай бастадым. Сондықтан Ардақ Құбашева мәдениет үйінің тесілген төбесін көрсетіп тұр. Шұбарши ауылы, 11 шілде 2011 жыл.

Ардақ Құбашева мәдениет үйінің тесілген төбесін көрсетіп тұр. Шұбарши ауылы, 11 шілде 2011 жыл.

жай-жапсарды баяндап, облыс әкімі Архимед Мұхамбетовке телеграмма жолдадым, – дейді Ардақ Құбашева.

Ардақ Құбашеваның сөзіне қарағанда, жуықта оның үйіне қаржы полициясының қызметкері келіп, үстінен шағым түскенін айтқан.

– Бұрын қарамағымда жұмыс істеген зейнеткер әйелден түскен шағымды қаржы полициясы Азаттықтағы мақаладан кейін араға бір апта салып, қарашаның 21-і күні тіркеген екен. Таң қалатын түгі де жоқ! Бұл маған жасалып жатқан қысымның соңы болмауы да мүмкін, – дейді Шұбарши ауылындағы мәдениет үйінің меңгерушісі Ардақ Құбашева.

Ардақ Құбашеваның сөзіне қарағанда, Темір ауданының әкімі Бауыржан Қаниев «Шұбаршиге Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің нұсқауы бойынша келіп отырғанын», әкімнен «Құбашеваны тый!» деген тапсырма алғанын» айтқан.

Азаттық тілшісі осыған орай Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімі Бауыржан Қаниевтің пікірін білмек болған еді. Бауыржан Қаниев Азаттық жолдаған жазбаша сауалдардың «Ардақ Құбашеваға қысым жасалып жатқаны, облыс әкімінен нұсқау алғаныңыз рас па?» деген бөлігін жауапсыз қалдырған.

Әкімнен Азаттыққа келген бұл хатта «Шұбарши ауылының тұрғындарының денсаулығы, ауылдың экологиялық ахуалы жөнінде нақты және соңғы ақпарат беру Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімі Бауыржан Қаниевтің Азаттыққа берген жауабының көшірмесі. 23 қараша 2012 жыл.

Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімі Бауыржан Қаниевтің Азаттыққа берген жауабының көшірмесі. 23 қараша 2012 жыл.

үшін зертханалық (лабораториялық) арнайы мамандардың қатысуымен жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша ақпарат» желтоқсанның 1-күні берілетіні жазылған.

«ӨЗГЕРГЕН ЕШТЕҢЕ ЖОҚ»

Шұбарши ауылының тұрғыны Ұмсынай Құдиярованың айтуынша, өткен аптада «Шұбарқұдық (Темір ауданының орталығы) СЭС-інен келдік» деген екі-үш адам ауыл құдығынан тексеру үшін су алып кеткен.

2012 жылы көктем кезінде Шұбаршидің ауасы мен суының сапасыздығын айтып Азаттыққа шағынған тұрғындардың бірі Ұмсынай Құдиярова қарашаның 25-і күні телефон арқылы хабарласып, «Содан бері ештеңе өзгерген жоқ» деді.

– Екі-үш күндікте ағаң (жолдасын айтады) «Ұмсынай, газың ашық қалған жоқ па?» деп оятты. Түнгі 11-лердің шамасы болатын. Ұшып тұрып қарасам, бәрі дұрыс. Сыртқа шықсам – ауа жоқ, газдың иісі шығып тұр. Үйдің ішін жайлап алған сырттағы лас ауа екен, – дейді Ұмсынай Құдиярова.

Ауылдың ауасы лас екенін өткен аптада берген сұхбатында Шұбаршидің дәрігері Қыдыр Байқадамов та растаған еді. «Кейде кешке қарай газдың иісі мүңкіп кететінін» айтқан дәрігер сол жолы ауыл тұрғындарының «лас ауа мен сапасыз судан ауырып қалдық» деген шағымдарын жоққа шығарған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG