Accessibility links

Ақтөбедегі «хиджаб дауы» шешілді


Сақтаған Бәйішев атындағы университеттің студенті Шынар Мантайқызы. Ақтөбе, 12 желтоқсан 2011 жыл

Сақтаған Бәйішев атындағы университеттің студенті Шынар Мантайқызы. Ақтөбе, 12 желтоқсан 2011 жыл

Сақтаған Бәйішев атындағы университетте орамалға орай туындаған дау бір аптаға созылды. Оқытушылар райынан қайтып, 8 студент дүйсенбіден бастап сабақтарына кірісті.


Өткен аптада сабаққа қатыса алмаған 8 студент қазір қарыз сабақтарын өтеп жүр. Өйткені қысқы сессия таяп қалды. «Бәріміз үздік оқимыз, сондықтан екі аптаның сабағын қатар алып жүру аса қиын емес» дейді студент қыздар.

«ОРАМАЛ ҚАСИЕТ ПЕ, ҚАСІРЕТ ПЕ?»

Желтоқсанның 5-і мен 10-ы аралығында Сақтаған Бәйішев атындағы университетте күнде жиын болған. Ол жиындарға ортақ тақырып - хиджаб. Студенттердің белсенді тобы ұйымдастырған дөңгелек үстелдегі жиналыстардың бірі «Орамал қасиет пе, әлде қасірет пе?» деп аталыпты.

Студенттерді тәртіпке шақырмақ болған оқытушылар университетке дін істері жөніндегі агенттіктің өкілдерін, тәжірибелі педагогтарды, ата-аналар Ақтөбе облысының бас имамы Әбдімүтәліп Дәуренбеков. Ақтөбе, 12 желтоқсан 2011 жыл.

Ақтөбе облысының бас имамы Әбдімүтәліп Дәуренбеков. Ақтөбе, 12 желтоқсан 2011 жыл.

мен учаскелік инспекторды да шақырған екен. Сондай жиындардың біріне Ақтөбе облысының бас имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков те барыпты.

- Біз ортақ мәмілеге келдік. Қыздарымыз оқуларын жалғастыра береді. Ұстаздарымыздың қыздарымызға деген ашу-ызасы басылды. Яғни кек алу дейтін нәрсе болмайды. Мен осы елдің дін мәселесінде түсіністікке, ынтымаққа шақыру үшін қызметке келген адаммын. Бір жақты тыңдамай, ортақ пікірге үгіттеймін. Әрине, дәстүрлі ата-баба дінінің жолыменен шешуге шақырамын, - дейді облыс имамы.

«ИСЛАММЕН ЕМЕС, ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕСУ КЕРЕК»

Хиджаб кигендері үшін университетке кіре алмаған студенттер адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның Ақтөбе филиалына шағымданған еді. Ол ұйымның заңгері, өзі де діни көзқарасы үшін қызметінен қуылған экс-судья Ағызбек Төлегенов адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі коалициямен бірлесе әрекет еткендерін айтады.

- Біздің қоғам исламмен емес, экстремизммен күресуі керек. Кейде көзі ашық адамдардың өзі осы екеуінің ара жігін ажырата алмай жатады. 1 апта бойы сабаққа жіберілмеген 8 студент - осындай білместіктің құрбаны. Бұл шындығында шариғатқа да, ел конституциясына да сыймайтын нәрсе, - деді Ағызбек Төлегенов.

«ДАУДЫҢ БАСЫ - ОРАМАЛДЫҢ ӨЗІ ЕМЕС, ОНЫҢ ТҮСІ»

Бір аптаға созылған хиджаб дауынан соң Сақтаған Бәйішев атындағы университеттің проректоры Баян Орынбаева Азаттықтың тілшісіне сұхбат беруге келісті. Проректор ханым өткен сейсенбіде «Бұл - біздің ішкі мәселеміз» деп, журналистермен сөйлеспей қойған еді.

Баян Орынбаеваның айтуынша, даудың басы – орамалдың өзі емес, оның түсі екен.

- Дүйсенбі күні қыздардың барлығы бірдей қара орамал тартып келді. Үстерінде ұзын халат. Олары хиджабқа ұқсас. Содан кейін біз комиссия Сақтаған Бәйішев атындағы университеттің проректоры Баян Орынбаева. Ақтөбе, 12 желтоқсан 2011 жыл.

Сақтаған Бәйішев атындағы университеттің проректоры Баян Орынбаева. Ақтөбе, 12 желтоқсан 2011 жыл.

құрдық та, аудиторияларға барып, студенттерге мына түрлерімен сабаққа қатыса алмайтындарын айттық. Киімдерін ауыстырып келуді талап еттік, - дейді проректор.

Ал өткен аптада дәріске қатыса алмаған 8 студенттің бірі Шынар Мантайқызының пікірі проректордың сөзіне кереғар. Студент бұған дейін де жіті бақылауда болғандарын, өздеріне «оқытушылардың үнемі көз аларта қарайтынын» айтты.

- Қазақ «қара жамылма» деген тыйым бар емес пе. Сондықтан біз университетке ешқашан қара киіммен барған емеспіз. Менің ата-анам да қара киім кигенімді құптамайды. Оның үстіне өзім де халықты шошытқым келмейді. Қарадан да басқа неше түрлі түстер бар ғой, - дейді Шынар Мантайқызы.

«ХИДЖАБ ЕМЕС, ОРАМАЛ ТАҒЫП ЖҮРМІЗ»

Хиджаб киген қыздар университет басшыларының «орамалды мойындарыңа жаппай, артқа қарай түре байлап келіңдер» деген талабы «шариғатқа ғана емес, Қазақстан конституциясына да қайшы» деген болатын. Тіпті өздері білім алып жүрген Сақтаған Бәйішев атындағы университетті сотқа да бермек болған. Бір аптадан кейін сабақтарына қайта кіріскен 8 қыздың бірі Перизат Молдашева «мұсылманға кешірімділік жарасады, ең бастысы - оқуымызды жалғастырғанымыз» деп қуанып отыр.

- Әркімнің пікірі әртүрлі шығар? Біздер заң түсінбейтін адамға ұқсап бұғып Cақтаған Бәйішев атындағы университеттің студенті Перизат Молдашева. Ақтөбе, 12 желтоқсан 2011 жыл.

Cақтаған Бәйішев атындағы университеттің студенті Перизат Молдашева. Ақтөбе, 12 желтоқсан 2011 жыл.

жүргіміз келген жоқ. Өз құқығымызды толық қорғағымыз келді. Өзіміздің конституциядағы құқықтарымызды анық та айқын да жеткізе алдық. Біздің киіп жүргеніміз - қазіргі қазақ қоғамы түсіне бермейтін хиджаб емес. Біз орамал тағып, әуретті жерлерімізді жауып, шариғатты орындап қана жүрміз, - дейді Перизат Молдашева.

Университет басшылары «ішкі мәселе» деп атаған даудан кейін студент қыздарға хабарласып сын айтқандар да, қолдау білдіргендер де көп болыпты. Перизат Молдашева бәріне де түсіністікпен қарағанын айтады.

«Проблемамызды басқаларға хабарлай алғанымыз үшін Азаттық радиосына және заңгер Ағызбек ағай Төлегеновке алғысымыз шексіз. Осылардың көп көмегі тиді бізге» дейді студент.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG