Accessibility links

Балабақша ауласында көлік басқан бала мерт болған


Полиция эвакуаторы балабақшаның ойын алаңын бұзып кірген жеңіл көлікті әкетіп барады. Алматы, 20 мамыр 2015 жыл.

Полиция эвакуаторы балабақшаның ойын алаңын бұзып кірген жеңіл көлікті әкетіп барады. Алматы, 20 мамыр 2015 жыл.

Алматыда балабақшаның ойын алаңына кіріп кеткен жеңіл көліктің астында қалған бір бүлдіршін мерт болған. Оқиғадан зардап шеккен бірнеше бала ауруханаға түскен.

Мамырдың 20-сы күні түске қарай Алматы қаласындағы "Таугүл-1" ықшам ауданында Сүлейменов көшесі бойында орналасқан 58-балабақшаның ауласына кіріп кеткен Toyota Land Cruiser маркалы жол талғамайтын көлік астында қалған сәби қаза тапқан.

Қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, осы оқиғадан зардап шеккен бірнеше бала ауруханаға түскен.

Қайғылы жайтқа соқтырған оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары мен сараптама тағайындалған. Оқиға бойынша қылмыстық кодекстің "көлік құралдарын жүргізетін адамдардың адам өліміне әкеп соқтыратын жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы бойынша тергеу ісі басталған.

Көлікті жүргізген 46 жастағы жүргізуші әйел уақытша ұстау орнына жеткізілді деп хабарлады ішкі істер департаменті.

Tengrinews сайтының оқиғаға куә болғандарға сілтеме жасап хабарлауынша, көлік басып кірген сәтте ойын алаңында 26 бала болған. Сегіз бала түрлі жарақат алған. Куәгерлердің сөзінше, артқа қарай жылдамдықпен жүрген көлік балабақша қоршауын бұзып өткен.

Балабақша ауласындағы қайғылы оқиға туралы тұрғындар пікірі:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG