Accessibility links

ZhasCamp жастардың үнін мемлекетке жеткізбек


ZhasCamp 2012 конференциясына қатысушылар. Алматы, 13 қазан 2012 ж.

ZhasCamp 2012 конференциясына қатысушылар. Алматы, 13 қазан 2012 ж.

Алматыда жастардың жаңа жобалары мен идеяларына жол ашар ZhasCamp 2012 халықаралық конференциясы өтіп жатыр.

Үш күндік шара барысында қатысушылар өз идеяларын ортаға салып, шетелдік және қазақстандық мамандардан «бизнесті қалай жүргізу керек», «кәсіпорынды қалай ашуға болады», «ғылыми жаңалықтарды қандай жолмен жүзеге асыруға болады» деген сауалдарға жауап алмақшы.

ЖОБАСЫ БАР ЫНТАЛЫ ЖАСТАР КӨП

Салтанат Ділдәбекова Алматыдағы ZhasCamp 2012 жастар конференциясына Шымкент қаласынан келіпті. 24 жасар компания менеджері бұл жиынға «білмегенімді біліп, білгенімді өзгеге үйретсем» деген оймен келгенін айтты.

– Шымкенттегі компаниялардың бірінде халықпен байланыс бөлімінде менеджер болып жұмыс жасаймын. Бүгінгі шара барысында түрлі тренингтерге қатысып, менеджерлік жұмыстың қыр-сырын терең меңгерсем деймін. Конференцияға арнайы грант ұтып алып келіп отырмын. Алғашқы күні жастар саясатына қатысты және түрлі жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша лекция тыңдаймын. Одан кейін Салтанат Ділдәбекова – ZhasCamp 2012 конференциясына Шымкент қаласынан келген менеджер. Алматы, 13 қазан. 2012 жыл.

Салтанат Ділдәбекова – ZhasCamp 2012 конференциясына Шымкент қаласынан келген менеджер. Алматы, 13 қазан. 2012 жыл.

Алматыдағы компаниялардың жұмысымен танысып, оларды Шымкенттегі компаниялармен салыстырамын, – деді Салтанат.

Алғаш рет 2010 жылы ұйымдастырылған ZhasCamp жастар конференциясы осымен үшінші жыл өтіп жатыр. Биылғы шараға барлығы төрт жүз қатысушы келген. Көбі - Алматы, Теміртау, Шымкент, Тараз қалаларының өкілдері.

Конференцияның мақсаты - жастардың жаңа идеяларын талқылау, түрлі жобаларды бекіту, жастар саясаты мәселелеріне үңілу.

Шара кезінде қазақстандық және шетелдік мамандардың тренингтері өткізілді. Ал ғылымға, бизнеске жақын жүрген жастар өз жобаларын таныстырды. Жобалары көптің көңілінен шықса, оларға шағын гранттар берілмек.

«МАҚСАТЫМЫЗ -МЕМЛЕКЕТКЕ ЖАСТАРДЫҢ ҮНІН ЖЕТКІЗУ»

ZhasCamp жобасының директоры Ларина Василинаның айтуынша, шараны белсенді жастардың өздері ұйымдастырған.

– Бар мақсатымыз – белсенді жастардың басын қосып, тәжірибе алмасу. Қазір жастарда көп идея бар. Сол идеялардың бар екенін билікке жеткізу. Қазақстанда мемлекет пен жастардың арасын жалғайтын шаралар аз. Ал жастардың идеяларын Ларина Василина – ZhasCamp 2012 конференциясының жетекшісі. Алматы, 13 қазан. 2012 жыл.

Ларина Василина – ZhasCamp 2012 конференциясының жетекшісі. Алматы, 13 қазан. 2012 жыл.

іске асыру үшін мемлекеттен қолдау керектігі белгілі. Біз сол жастардың ғылыми, бизнес жобаларын танытып, жүзеге асыруға көмектесу үшін осы шараны өткізіп отырмыз. Конференцияға «Сорос Қазақстан» қоры қаржы бөледі, – деді конференция жетекшісі.

Биылғы ZhasCamp кезінде алғаш рет жастарды шешен сөйлеуге баулитын дәрістер де ұйымдастырылды. Өз жобасын халыққа таныстыру жағынан да тәжірибелі мамандар тренингтер өткізді. Дәріс оқуға Қазақстан, Польша, Қырғызстан, Ресейден келген тәжірибелі мамандар шақырылған.

Мәселен, Польшадағы Шығыс бастама институтының өкілі Агнешка Сломян қазақстандық жастарға «Кәсіпорын құру және оны дамыту», «Жоба жасау» сияқты дәрістер оқыды.

Ал блогер Әділ Нұрмақов жастарға жаңа медианы Әділ Нұрмақов ZhasCamp 2012 конференциясында. Алматы, 13 қазан. 2012 жыл.

Әділ Нұрмақов ZhasCamp 2012 конференциясында. Алматы, 13 қазан. 2012 жыл.

пайдалану, әлеуметтік желі арқылы жарнама жасау, интернеттің қоғамдағы рөлі жайлы дәріс берді.

– Қазіргі жастарда идея көп. Соны демеп жіберетін күш керек. Біз соған күш салып жатырмыз. Мемлекет тарапынан жастар саясатына дұрыс көңіл бөлінсе дейміз. Қазақстанда жастардың әр сенбі сайын жаппай сенбілікке шығуы немесе экологиялық мәселелерге араласудан аспайды. Осы арқылы мемлекеттік жастар саясаты дұрыс жұмыс істеп жатыр дейміз. Ал қазақстандық жастардың миында, санасында түрлі идеялар толып жатыр. Жастар сенбілікке шығып, жастар саясатына үлес қосып жатыр деуге болмайды. Олардың ғылыми жаңалықтарына жол ашу керек, – деді ол.

ZhasCamp конференциясын ұйымдастырушылар бұл жобаны жылда өткізіп тұруды жоспарлап отыр.

(Материалды дайындауға Махамбет Мәмбетов үлес қосты)
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG