Accessibility links

Он алтыншы желтоқсан! Жаңаөзен!


Жаңаөзен оқиғасы туралы видео
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:49 0:00
Жүктеп алу

Желтоқсанның 16-сындағы Жаңаөзен оқиғасы түсірілген видео.


Он алтыншы желтоқсан –
Он алтыншы жыл елес!
Бір ғасырға басса да,
бітпей қойды-ау бұл егес!

Он алтыншы желтоқсан –
Күн бе осы күйелеш?!
Күңіренген санамда
Бір он алты бұл емес...

Он алтыншы желтоқсан –
Жаз күлкімнен жүр елес!
Жарты көңіл жұртымды
Жаншып жатыр дүрелеш!

Он алтыншы желтоқсан –
Ойлағаным мұң емес!
Қазаны орта болғанмен,
Қара қазақ құл емес!

Бұзақы да емес ел,
Масыққан да жоқ олар!
Төрін түлкі жайласа,
Төмендейді Обал, Ар!

Тойынғаны емес бұл!
Тарпаң да емес мінезі!
Талапайға түсірген
Тағдырымды кім өзі?

Ар, Иманын қалдырған
Атқан оқтың астында!
Қазынасын алдырған
қарақшыға, қашқынға!

Жаман атқа жал бітіп,
Зұлымдығын жасырған!
Тұяқтарын қарғытып,
Талай таудан асырған!

Қыз – ибасыз, ұл – арсыз!
Ұрлық асып ұлықтан!
Тектілігім тұмарсыз,
Көмей біткен құныққан!

Заманымның зары – осы!
Запыраны жұртымның!
Ешкімде жоқ және өші
Қамы емес бұл құлқынның!

Он алтыншы желтоқсан –
Он алтыншы жыл емес!
Надандықтың күресі ол
Дұшпаныңа тілемес!

Он алтыншы желтоқсан –
Он алтыншы жыл емес!
Сыбағасы ол сатқынның
Салт-санаңа шын егес!

Он алтыншы желтоқсан –
Уызына қанбаған,
Арпаласып алаңда
ажал құшқан жан балаң!!!

Он алтыншы желтоқсан –
Ой-мұратым танбаған!
Жаралы құс – жүрегім
Көкті жарып, самғаған!

(17 желтоқсан, Астана қаласы)
XS
SM
MD
LG