Accessibility links

Орта білім сапасы қандай?


Солдан оңға қарай: Азаттық тілшісі Руслан Сәрсеев пен республикалық «Қазбілім» орталығы директоры Аятжан Ахметжан. Астана, 7 қыркүйек 2016 жыл.

Солдан оңға қарай: Азаттық тілшісі Руслан Сәрсеев пен республикалық «Қазбілім» орталығы директоры Аятжан Ахметжан. Астана, 7 қыркүйек 2016 жыл.

AzattyqLIVE хабарында орта мектептегі білім жайы талқыланды. Студия қонағы республикалық «Қазбілім» орталығы директоры Аятжан Ахметжан болды.

Қазақстанда кейінгі жылдары мектептердегі орта білім мәселелері, оның ішінде оқушыларды үш тілде оқыту, оқу жылы мерзімін жазға дейін ұзарту сияқты ұсыныстар әлеуметтік желілерде талқыланып, жұрт назарын аударды.

Биыл қыркүйекте елдегі кейбір мектептерде оқушы санының күрт көбейгені, ал кейбірінде тым азайып кеткені тағы хабарланды. Алматы, Астана сияқты ірі қалалардағы мектептерде кейбір бастауыш сыныптар саны 18-ге дейін жеткен.

Азаттықтың "бірнеше тілде оқытуға мектептер дайын ба?", "сыныптардағы бала санының көптігі білім сапасына қалай әсер етеді?", "орта мектептердің бүгінгі ахуалы қандай?" деген сауалдарына оқушыларға қосымша білім берумен айналысатын республикалық «Қазбілім» орталығы директоры Аятжан Ахметжан жауап берді.

XS
SM
MD
LG