Accessibility links

Каспий маңындағы елдер қарулану жарысын бастап кетті


Каспий теңізіндегі Ресейдің жағалау күзеті. Көрнекі сурет.
Каспий теңізіндегі Ресейдің жағалау күзеті. Көрнекі сурет.

Каспий теңізін қоршаған бес ел теңіздегі және жағалаудағы әскери күштерін нығайтып жатыр. Жағалау елдері 20 жыл бойы Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтай алмай келеді.


Шілде айында Каспий теңізі жағалауы елдерінің өкілдері оның бай табиғи ресурстарын бөлісуді талқылау үшін Мәскеуде кездесті. Кездесу барлық тараптардың бейбітшілік пен серіктестікке деген ниеттерін мақтаумен тынды.

Алайда жағдай көңіл көншіте қоймайды. Мамыр айында орыс флотының бас қолбасшысы адмирал Владимир Высоцкий Ресейдің әскери-теңіз күші - Каспий флотилиясы 2020 жылдың аяғына таман кем дегенде 16 жаңа кеме алатынын Астрахань қаласындағы басқосуда жария етті. Қазірдің өзінде 148 кемесі бар флотилияның теңіздегі ең мықты фрегаты - Татарстан фрегаты бар. Осы жылдың аяғына таман бұл флотилияға екі жаңа ракеталық кеме мен үш тапал кеме қосылмақ. Ресей Каспий флотын кеме атуға арналған жағалаудағы жаңа ультрадыбыстық ракеталармен қамтамасыз етпек.

КАСПИЙ КӨЛ МЕ, ТЕҢІЗ БЕ?

Ресейдің жоспарлары әлемдегі ең үлкен көл немесе ең үлкен ішкі теңіз деп аталатын Каспийді милитаризациялаудың соңғы сатысын білдіреді.

Совет одағы ыдырағанан кейін Каспий теңізі жағалауындағы бес ел – Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркіменстан мен Қазақстан теңізді өзара
Каспий теңізі маңындағы елдер.

бөле алмай таласып келеді.

Халықаралық заң теңіз ресурстары елдердің көлдер мен теңіздерге қатысты оффшорлық бақылауын әртүрлі реттейді.

Кейбір мамандар 3 триллион долларға бағалаған Каспийдің бай энергиясы қай елдің үлесіне қалай жазылары белгісіз.

Барлық жоспарға қарамастан, Каспий жұмысшы тобының 29-сессиясы ретінде белгілі Мәскеудегі соңғы конференция СССР құлағаннан бері бес ел мәселені шеше алмай келе жатқанын көрсетті.

КҮШ ПЕН КӨРІНІС

Иран - Каспий теңізіндегі ауқымы бойынша Ресейден кейінгі екінші күш. Иранның теңіздегі қарулы күштерінің саны 90 кемеге жетеді. Тегеран биыл Каспий верьфінде салынатын немесе Парсы шығанағының солтүстігіне таман тасымалданатын тағы 75 ракеталы кемені флотқа қосуға ынталы екенін мәлімдеді. Маусым айында Иран әскери-теңіз флотының қолбасшысы контр-адмирал Хабибулла Сайиари Иранның Каспий теңізіндегі мүдделерін қорғауға деген шешімін басып айтты.

«Теңіздегі Иранның 20 пайыздық үлесі - толықтай біздің құзырымызда» деген ұстанымдағы Иран теңіз бес ел арасында бірдей бөлінуі керек деген көзқарасты жақтайды.

Мұнайға бай Қазақстан да Каспий теңізіндегі өзінің қорғаныс қабілетін арттыруға тырысып жатыр. Қазақстан Ақтау қаласында жаңа әуе базасын салды. Бұл база - Қазақстанның енді қалыптасып келе жатқан әскери-теңіз флотының бас штабы. Қазақстан Оңтүстік Кореядан күзет кемелерін сатып алуға ынталы, кадеттерін Түркия сияқты елдерге оқуға жіберу арқылы өз мамандарын дайындап жатыр.

Әзербайжан өзінің әскери теңіз күштерін арттыру үшін Түркия және АҚШ-пен арадағы қарым-қатынастарын пайдаланады. Ел бір фрегат пен жеті мина сүзетін траль - қарапайым сегіз кемені Совет одағынан мұраға
Каспий маңындағы елдердің тулары. Иран.

алған. Соңғы он жылда Әзербайжан әскери-теңіз флоты Түркиядан 30 патруль кемесін, АҚШ-тан үш моторлы қайықты алды. АҚШ Әзербайжанға жаға бойына теңіз радарларын орнатуға және Бакуда басқару мен бақылау орталығын тұрғызуға көмектескен.

Әзірге шағын ғана әскери-теңіз күштері бар Түркіменстан да өз күштерін арттыру үшін Түркиямен арадағы жақсы қарым-қатынастарын пайдаланып жатыр. Түркия мұнда екі бірдей жедел күзет қайықтарын салып жатыр. 2010 жылы түркімен президенті Гурбангулы Бердімұхамедов елдің алғашқы әскери-теңіз академиясын ашу жайын мәлімдеді.

РЕСЕЙДІҢ ЫҚПАЛЫ

Каспий теңізіндегі әскери теңіз күштерінің ішінде Ресейдің көш бастайтыны даусыз.

«Вестник Кавказа» басылымының бас редакторы және Каспий мәселелерінің маманы Алексей Власов:

– Каспий теңізіндегі әскери теңіз күшін арттыру арқылы Ресей басқа күштерді теңіздің заңды статусына қатысты келісімге келуге бейімдеп жатыр, – дейді.

Ресей, Қазақстан және Әзербайжан өз секторларына байланысты өзара келісім жасасса да, теңіз бен оның ресурстарын басқаруға қатысты әлі де шешімін таппаған мәселелер бар.

Алексей Власовтың айтуынша, Ресей өз позициясын нығайтып жатыр. Себебі 10-15 жылдан соң Каспий теңізі Орталық Азия елдері, бұрынғы советтік республикалар және Еуропа елдері арасындағы көпір болатынын Ресей жақсы біледі. Мәскеу Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жайлы талқының ақырын жылжуы аймақтағы күш тепе-теңдігін өзгертуі мүмкін деп алаңдайды. Ресейді аймаққа батыс елдерінің көптеп келуі де алаңдатады.

АҚШ-тың әзербайжандар мен қазақтарға деген әскери көмегі – орыстарды алаңдататын мәселенінің жартысы ғана. "Шеврон" және "Бритиш Петролеум" тәрізді батыс мұнай және газ компаниялары Каспий аймағында мықты қолдауға ие. Ресей ұзақ уақыт бойы ресурстарын нарыққа жеткізу үшін аймақтағы елдер пайдаланатын құбыр желілерінің үстінен қарайтын монополист болып келді. Бірақ АҚШ пен Еуропа, мамандардың айтуынша, тәуелділікті жеңілдететін жаңа экспорттық бағыттар салуда біраз жетістікке жетті.

БӘСЕКЕЛЕСТІК

Сарапшылар әлемдік мұнай қорының 2-6 пайызы Каспий бассейнінің астында жатыр дейді. Бұл теңізде сонымен қатар әлемнің газ қорының 6-10 пайызы бар.

Енді бір фактор – Ресей мен Иран арасындағы бәсекелестік екі елдің де арнайы «стратегиялық қарым-қатынасы» жайлы мәлімдемелеріне кереғар келетін нәрсе.

Ресей әскери сарапшысы, Мәскеудегі қоғамдық және саяси зерттеулер орталығының директоры Владимир Евсеев былай дейді:

– Ресей Иранның да әскерін дамытуға тырысып жатқанына алаңдайды. Бұл Ресейді Каспий теңізінің милитаризациясына жетелейді. Бір кездері әскери қақтығысқа соқтыруы мүмкін қарулану жарысы Ресейді де өз еркінен тыс тартып барады.

АҚШ әскери колледжіндегі ұлттық қауіпсіздік мәселелерінің профессоры Стивен Бланк Мәскеудің мынандай ойы барын айтады:

– Ресейдің Каспий теңізіндегі ең мықты әскери теңіз күші екеніне және қажет болса кез-келгенді өзінің еркіне бағындыра алатынына, өзі ойлағандай постсоветтік мемлекеттерге пана бола алатынына сенім керек. Бұл Иранға жақпайды. Иран үкіметі Каспий теңізінің шекарасын белгілеуге байланысты алға жылжуға қатты қарсылық білдірді, - дейді Стивен Бланк.

Оның айтуынша, Ресей де АҚШ-тың Әзербайжанға, Қазақстанға және Түркіменстанға беріп жатқан көмегіне қарсы тұруға барын салады. Бірақ Мәскеудің аймақтағы басымдылығын сақтауға деген ниетінен кейде қарама-қарсы нәтиже шығуы мүмкін деп ескертеді:

– Ресейдің неоколониальды, неоимпериальды тәсілі пост-советтік мемлекеттердің және АҚШ-тың мүдделеріне мүлдем қайшы келеді. Сондықтан олар осындай қауіптерден оларды құтқару үшін АҚШ-пен жақсы қарым-қатынас жасауға ынталы. Егер Ресей ерекшеленудің орнына серіктестікті қалаған болса, біз серіктес болар едік, - дейді Стивен Бланк.

21 маусымда Ресей президенті Дмитрий Медведев ел парламентіне ратификациялау үшін Каспий қауіпсіздігіне байланысты келісімді ұсынды. Қауіпсіздік бойынша серіктесу келісімі деген атпен белгілі ол құжат Ресей
Каспий маңы елдері басшыларының кездесуі. Баку, 18 қараша 2010 жыл.

мен басқа да жағалаудағы елдерді теңіздегі қауіпсіздік және терроризм, ұйымдасқан қылмыс, қару контрабандасы, заңсыз көші-қон мен есірткі саудасы сияқты ұлтаралық қауіптерге қарсы күрес талпыныстары жөнінде бірлесе әрекет етуді міндеттейді. Оған өткен қарашада Каспий аймағындағы барлық бес елдің президенті қол қойды.

Бес ел басшылары осы жылдың аяғына таман Мәскеуде тағы бір саммит өткізуді белгілеп отыр. Егер бұрынғы басқосулардың әлдебір маңызы болса, аймақтағы тыныштық пен тұрақтылық қажеттілігі жайлы көп әңгіме болады.

Белгісіз болып тұрғаны – аймақтағы халықтың шындық пен бос сөз арасын ажырата алар-алмасы.
XS
SM
MD
LG