Accessibility links

Есімовтің есебі күні блогерлер қайта ұсталды


Қала әкімі Ахметжан Есімовтің тұрғындармен кездесуі өтіп жатқан Республика сарайын күзетіп тұрған полицейлер. Алматы, 20 ақпан 2014 жыл.

Қала әкімі Ахметжан Есімовтің тұрғындармен кездесуі өтіп жатқан Республика сарайын күзетіп тұрған полицейлер. Алматы, 20 ақпан 2014 жыл.

Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің тұрғындармен кездесіп, есеп беретін күні полиция бұған дейін оған қарсы акция өткізген блогерлерді тағы ұстап әкетті.

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің қала халқымен есептік кездесуі өтіп жатыр. Кездесу қарсаңында бұған дейін әкімге қарсы акция өткізген блогерлер Ринат Кибраев, Дмитрий Щелоков және Нұрәлі Айтеленовті полиция тағы ұстап әкетті.

Үш белсендіні бұған дейін, ақпанның 5-сі күні, қала әкімі Ахметжан Есімовтің блогерлермен кездесуіне кірмек болған жерінен полиция ұстап, "бұзақылық" айыбымен 10 күнге қамаған еді. Олар Есімовті "тәуелсіз блогерлерді кездесуге кіргізбеді" деп айыптап, "билікшіл блогерлермен" кездесу өтіп жатқан мейрамхана алдында айқайлаған. Қолдарында плакат болған.

Есімовпен кездесуге шақырылмаған блогер Нұрәлі Айтеленов наразылық акциясын өткізіп тұр. Алматы, 5 ақпан 2014 жыл.

Есімовпен кездесуге шақырылмаған блогер Нұрәлі Айтеленов наразылық акциясын өткізіп тұр. Алматы, 5 ақпан 2014 жыл.

​Бүгін ұсталған блогердің бірі Дмитрий Щелоков Азаттық тілшісіне телефон арқылы "полицияның өзін Ринат Қибраевпен бірге Жетісу аудандық ішкі істер бөліміне апара жатқанын, ал Нұрәлі Айтеленовті Жетісу аудандық ішкі істер бөліміне әкеткенін" хабарлады.

Щелоковтың айтуынша, "полиция оларды Мақсат Үсенов деген азаматтың шағымына байланысты ұстаған".

"ЕСІМОВТІҢ КЕЗДЕСУІНЕ БАРМАҚ БОЛДЫҚ"

Щелоков Азаттық тілшісіне "бүгін Ахметжан Есімовтің қала тұрғындарымен өткізетін есептік жиынына бармақ болғандарын" айтты.

Ал Ринат Кибраев Facebook желісіндегі парақшасына ""Бізге Мақсат Үсеновтің арызы бойынша полиция келді. Ол бізді "мен туралы өсек таратып, жала жапты" деп айыптапты. Шындығында біз бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің тұрғындармен кездесуіне бармақ болдық, бізді осы себепті қуғындап жатыр" деп жазды.

​Әкімнің тұрғындарға есеп беру жиыны өтіп жатқан Республика сарайын полиция қызметкерлері күзетіп тұр. Жиынына кейбір адамдар кіре алмаған.


Жетісу аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөлімі қызметкері Ринат Қибраевтың "шағым бойынша ұсталып, қоғамдық қауіпсіздік бөліміне жеткізілгенін" растады.

Кибраев ақпанның 17-сі күні Facebook парақшасында әкімшілік жазамен 45 күнге қамалған Мақсат Үсенов туралы "Оған қамау орнында ерекше жағдай жасалған, камерасының есігі ашық, түрме тамағын жемейді, туыстары оған еркін кіріп-шығып жүр, ол - "вип-тұтқын" деп жазған еді.

Ринат Кибраев (сол жақта) пен Дмитрий Щелоков (оң жақта) Мұхтар Әблязовтың экстрадициялануына қарсы акция өткізіп, Әблязовтың макетін ұстап тұр. Алматы, 20 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Ринат Кибраев (сол жақта) пен Дмитрий Щелоков (оң жақта) Мұхтар Әблязовтың экстрадициялануына қарсы акция өткізіп, Әблязовтың макетін ұстап тұр. Алматы, 20 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

​Ал Мақсат Үсеновтің адвокаты Шолпан Батқалова Азаттық тілшісіне клиентінің "арыз-шағым жазғанынан бейхабар екенін" айтты.

Үсенов 2013 жылы желтоқсанда Алматыда көлігімен алты адамды қағып, бір адам қаза тапты. Оның үстінен іс қозғалып, қамауға алынды. Бірақ 2014 жылы қаңтарда қаза тапқан жігіттің әкесі кешірім бергені, қылмыстық істің жабылғаны туралы хабарланды. Осыдан соң интернетте наразылық петициясы жарияланып, онда Үсеновтің әкесінің лауазымды шенеунік екені, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясында жұмыс істейтіні айтылды. Ақпанның 4-і күні Алматы қалалық соты Мақсат Үсеновті 45 күнге қайта қамап, екі жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG