Accessibility links

Ертісбаев Назарбаевтың «байқап көрейік» дегенін айтты


Қазақстан президентінің саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев тілшілер сұрағына жауап беріп тұр. Aстана. 28 қазан 2009 жыл.

Қазақстан президентінің саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев тілшілер сұрағына жауап беріп тұр. Aстана. 28 қазан 2009 жыл.

Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Тимур Құлыбаевтың мұрагер болуы турасында Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгімелескенін мәлімдеді. Құлыбаев жайлы "жеке пікірімді білдірдім" деген Ертісбаев Назарбаев сұқбатты оқығанда күлгенін айтты.


Ермұхамет Ертісбаев бұл турасында тengrinews.kz агенттігі тілшісіне сейсенбі күні берген сұқбатында тоқталған. Кеңесші «Коммерсантъ» газетінде айтылған «Тимур Құлыбаев мұрагер бола алады» деген сөз "ешқандай да мәлімдеме емес - өзімнің жеке пікірім ғана" дегенді айтты.

«Мен тек «Коммерсанть» газетінің сауалдарына ғана жауап бердім. Ешқандай да ресми мәлімдеме жасаған жоқпын, тіпті мұндай мәселелер жөнінде, әсіресе президенттің мұрагері туралы мәлімдеме жасауға менің құқым да жоқ»,- деді ол.

Сондай-ақ ол сұқбатта «өз көзқарасын ғана айтқанын» және бұл сұқбат жөнінде Нұрсұлтан Назарбаевпен алдын-ала келіспегенін айтты.

- Жұртшылық бұл әңгімені мемлекет басшысымен келісіп алып, әдейі ортаға тастап отыр деп ойлайды. Олай емес, - деді президент кеңесшісі.

- Ресейлік «Коммерсанть» газетінде жарияланған сұқбатты Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де оқып шықты, сөйтіп: «Тимур Құлыбаевты «мұрагер» болады деп біраз шу шығарған екенсің, жарайды, жұрттың cыңайын байқап көрейік деп күлді»,-дейді Ермұхамет Ертісбаев.

Ермұхамет Ертісбаев «Коммерсанть» газетінде дүйсенбі, 25 шілдеде жарық көрген сұқбатында "Тимур Құлыбаев - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрагері болатын бірден бір адам" деген еді. Осыған орай стратегиялық активтерді басқаратын «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Тимур Құлыбаев президент мұрагері туралы әзірге сөз қозғау «ыңғайсыз» болады, Ермұхамет Ертісбаевтың мәлімдемесі - бос сөз» деген болатын

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG