Accessibility links

Қазақстанда демалыс аз ба, көп пе?


Қала күні мейрамы кезінде. Астана, 7 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қала күні мейрамы кезінде. Астана, 7 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Жаңажылдық мерекедегі 5 күн демалыс кезінде әлеуметтік желілерде «демалыстан шаршағанын» айтушылар көбейді. Керісінше «демалыстан әлі қайтпай жүрген» шенеуніктердің үстінен арызданушы кәсіпкерлер де бар.

Жаңа жыл мейрамы кезінде Қазақстан сияқты көптеген ТМД елдерінде ең ұзақ демалыс күндері жарияланады. Биыл Қазақстанда қаңтардың алғашқы бес күні демалған көптеген тұрғын араға бір күн салып тағы бір діни мейрамды тойлау үшін жұмыстан босатылды.

Facebook қолданушысы Динара Мыңжасарқызы «бір апта демалыстан шаршаған жоқсыңдар ма? Маған кері әсер етті. Күн мен түнді ауыстырып алдым. Шынымды айтсам, ертең жұмысқа да құлшыныс жоқ» деп жазады.

Бюджеттік мекемеде жұмыс істейтіндер сияқты міндетті демалысқа шықпаған жеке кәсіпкерлер басқа амал тапқан сияқты. Асқар Әбдіғалымұлы есімді Facebook қолданушысы: «Бұл жатыс бүгін жыныма тиді. Ұжымды жұмысқа шақырып алдым. Жаңа орынға көшеміз. Сол жаңа мекенімізді бәріміз бірге көріп шықтық. Қаншама жұмыс тоқтап тұр» деп жазған.

«ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ АЛДЫ – ӘЛІ ДУБАЙДА»

Ұзақ демалыс адамды психологиялық тұрғыда шаршатады деп санайтындардың бірі – «Беймарал күлкі» компаниясының директоры, сықақшы Асқар Асқар Наймантаев. (Сурет Facebook-тегі жеке парақшасынан алынды).

Асқар Наймантаев. (Сурет Facebook-тегі жеке парақшасынан алынды).

Әбдіғалымұлы (Асқар Наймантаев деген атпен белгілі – ред.). Ол ұзақ демалыс қатардағы қызметкерлерге емес, басшыларға тиімдірек деп ойлайды.

«Жаңа жылдан кейінге жоспарлаған жұмыстарымыз көп еді. Бірақ кей жайттарымыз шенеуніктерге байланысты кідіріп тұр. Мәселемізді бүгін, қаңтардың 6-сындағы жұмыс күнінде қараймыз деп уәде еткен шенеуніктердің алды әлі Дубайда (дәулетті қазақстандықтардың демалысқа жиі баратын қаласы – ред.) демалып жатқан көрінеді. Жұмысқа қаңтардың 12-сіне бір-ақ шығады екен. Енді тағы бір апта күтеміз» деп қынжылады ол.

Саясаткер Маржан Аспандиярова да мерекелік демалыстар тым көп деген пікірде. Оның ойынша, мерекелік демалыстарды, ойын-сауықты көбейту арқылы Саясаткер Маржан Аспандиярова митингіде сөйлеп тұр. Алматы, 24 наурыз 2012 жыл.

Саясаткер Маржан Аспандиярова митингіде сөйлеп тұр. Алматы, 24 наурыз 2012 жыл.

билік елдегі шынайы әлеуметтік ахуалды жасырып-жапқысы келеді.

«Демалыс емес, білекті түріп жұмыс істейтін кез қазір. Демалысты көбейткеннен экономикамыз да ұтпайды. Осы жаңа жылдың өзінде қаншама шырша өртенді, қаншама ақшаны отшашу етіп атып жіберді. Сол қаржы елдің игілігіне жұмсалуы керек еді. «Тұңғыш президент күні» секілді біраз біраз жасанды мереке билік ауысқаннан кейін өзгереді» дейді ол Азаттыққа.

«ЖАҚСЫ ДЕМАЛУҒА МІНДЕТТІМІЗ»

Қазақстанда мереке күндері көп емес, мұндай күндері халықтың көпшілігі тойлаудан гөрі, жұмыстан қол босатып, шаршағанын басуды ғана ойлайды деп санайтын кәсіпкерлер де бар. Солардың бірі – Қанағат Тәкеева.
Мереке шынайы мейрам болу үшін мерекелік көңіл-күй болу керек, ол үшін қалтаңда ақша да болуы керек. Ақшаң жоқ болса, қайдағы мереке?

«Мереке көп емес. Бірақ мереке шынайы мейрам болу үшін мерекелік көңіл-күй болу керек, ол үшін қалтаңда ақша да болуы керек. Ақшаң жоқ болса, қайдағы мереке? Ал қазіргі мерекелер тек жұмыстан босап, демалу ғана» дейді ол.

Психолог Анна Құдиярова мереке, демалыстың көп болғанына керісінше қуанады.

«Демалыс деген құқық қана емес, міндет те. Жақсы дем алмаған адам жұмысын да жақсы істей алмайды. Демалуға құқымыз бар деп шулау аздық етеді. Демалуға міндеттіміз» дейді ол.

Психолог мерекелік демалыс кезінде дұрыс демала алмайтын адамдарды Психолог Анна Құдиярова. Алматы, 21 қазан 2011 жыл.

Психолог Анна Құдиярова. Алматы, 21 қазан 2011 жыл.

​ «бейсаналы түрде өзін-өзі жақсы көрмейтін, өзін қинайтын адамдар» деп сипаттайды.

«Дұрыс демалмайтындардың бойында қобалжу, уайым көп болады. Жеке басындағы, бәлкім, отбасындағы психологиялық, материалдық ахуал нашар болуы мүмкін. Сол себепті олар демалыста да серги алмайды. Ондай адамдарға, мәселен, осы жаңа жылдағы бес күннің өзі көп көрінеді» дейді Анна Құдиярова.

Үкімет қаулысымен бекітілген биылғы мерекелік күнтізбеге қарағанда, 2013 жылы Қазақстан халқының басым көпшілігі (бюджеттік мекемелерде істейтіндер міндетті түрде – ред.) түрлі мерекені атап өту үшін 15 күн жұмыстан босаған. Ал сенбі мен жексенбі күндерін қоса алғанда Қазақстан халқы жылына барлығы 121 күн демалған.

Қазақстанда соңғы екі жылда кәсіби мереке күндері де екі есе артты. Арнайы демалыс күні ретінде жарияланбаса да, мұндай даталар салалық кәсіби мереке ретінде атап өтіледі. Былтыр қараша айында Қазақстан президентінің жарлығымен күнтізбеге жаңадан екі кәсіби мереке – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні және Еңбек күні қосылды.
  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG