Accessibility links

Әблязовтың «қырғыз паспорты» заңсыз жасалған


Мұхтар Әблязов, қуғындағы оппозициялық саясаткер, банкир.

Мұхтар Әблязов, қуғындағы оппозициялық саясаткер, банкир.

Қырғызстанның ресми өкілдері қуғындағы қазақ оппозициялық саясаткері, банкир Мұхтар Әблязовтың суреті жапсырылған «қырғыз паспортының» заңсыз жасалғанын айтады.

Қырғызстанның мемлекеттік тіркеу мекемесінің Азаттыққа берген мәліметінше, қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовтың суреті жапсырылған, бірақ Нурдин Бекович Осмонов есімді адамға толтырылған Қырғызстан азаматының паспорты былтыр желтоқсанда даярланған.

Қырғызстан ресми органы «заңсыз жасалған» деп отырған даулы паспорт Мұхтар Әблязовтың қолына тиген-тимегені белгісіз.

«НУРДИН ОСМОНОВТЫҢ ҚҰЖАТЫ»

Қырғызстан ресми органдарының ақпараты бойынша, 1965 жылы туған Осмонов Нурдин Бекович есімді адамның атына Қырғызстан азаматының паспортын алу үшін тиісті қағаз-құжаттар 2012 жылы желтоқсанның 12-сі күні Аламүдүн паспорт бөліміне тапсырылған. Ал желтоқсанның 27-сі күні паспорт әзір болыпты.

– Әблязовтың суретін интернеттен қарап шықтық. Паспорт алу үшін берілген құжаттардағы сурет пен Мұхтар Әблязовтың суреті ұқсас екен. Бұл сурет Қырғыз республикасының паспорты. Көрнекі сурет.

Қырғыз республикасының паспорты. Көрнекі сурет.

шынымен кімдікі екенін анықтау – тергеу орындарының ісі, – деді Қырғызстанның мемлекеттік тіркеу мекемесінің өкілі Дүйшөн Сатыбалдиев Азаттықтың Қырғыз қызметіне.

Шенеунік заңсыз құжат беру фактісі Қырғызстанның мемлекеттік тіркеу мекемесіндегі жоспарлы тексеріс барысында анықталғанын, Нурдин Осмоновтың атына паспорттың заңсыз жасалғанын Аламүдүн паспорт бөлімінің жетекші маманы өз мойнына алғанын айтады. Тіркеу мекемесі Осмоновтан бөлек тағы екі адамға заңсыз паспорт беруге қатысы бар деп тауып, әлгі жетекші маманды жұмыстан шығарған.

– Бұл іске жасы жетпістің шамасындағы бір әйелдің делдалдық жасағаны анықталды. Материалдарды жинақтап, Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне жібердік, – деді Дүйшөн Сатыбалдиев.

Қырғызстан билігінің айтуынша, Нурдин Осмоновтың атына жасалған паспорт әлгі делдал әйелге берілген. Ал даулы паспорт қуғындағы қазақ банкирі Мұхтар Әблязовтың қолына тиген-тимегені белгісіз.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ЗАҢСЫЗ ПАСПОРТ» ІСІ

Биыл мамырдың соңында қуғындағы қазақ оппозициялық саясаткері, банкир Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева 5 жасар қызы Алуамен бірге Италиядан Қазақстанға экстрадицияланған еді. Алматыға жеткізілген соң полицияның Алма Шалабаевадан қаладан ешқайда кетпеу туралы қолхат алғаны хабарланды.

Маусымның 3-і күні Қазақстанның бас прокуратурасы Алма Шалабаеваның Италияда «Оңтүстік Африка республикасының жалған төлқұжатымен жүргені анықталғаны» туралы мәлімдеме жасаған. Сонымен бірге прокуратура бұған дейін Қазақстанда Алма Шалабаева қызы Алуамен.

Алма Шалабаева қызы Алуамен.

Алма Шалабаева мен қызына Қазақстан азаматтығы туралы құжатты заңсыз жасау фактісі анықталып, Алма Шалабаеваның ол іске қатысы бар-жоғы анықталып жатқанын хабарлады.

«БТА банк» директорлар кеңесінің төрағасы болған Мұхтар Әблязов 2009 жылы банк мемлекет меншігіне өткен соң шетелге шығып кетіп, Лондонға қоныс тепкен. Кейінірек Ұлыбритания оған саяси баспана берген еді. Қазақстан үкіметі Әблязовты 5 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, ұлыбританиялық сотқа жүгінген.

2012 жылғы ақпанда Лондон соты Мұхтар Әблязовті «сотты құрметтемегені» үшін 22 айға қамауға алып, активтерін құрсаулауға үкім еткен еді. Онымен келіспеген Әблязов наурызда апелляциялық шағым жазған. Қараша айында Ұлыбританияның апелляциялық соты ақпанда шығарылған шешімді күшінде қалдырған.

Бұған дейін Мұхтар Әблязовқа қарсы Ресейдің заң орындары да қылмыстық іс қозғап, 2010 жылы Мәскеу соты оны тұтқынға алу туралы сырттай үкім еткен еді. Мұхтар Әблязов өзіне қатысты қозғалған істердің саяси астары бар деп санайды. Ол соңғы жылдары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынаушылардың бірі ретінде танылды. Қазір бизнесменнің қайда екені белгісіз.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG