Accessibility links

Қазақстан президенті дін туралы заңға қол қойды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астрахан, Ресей, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астрахан, Ресей, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Қазанның 13-і күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Діни қызмет және діни ұйымдар» туралы заңға қол қойды.


Қазақстан президент баспасөз қызметінің бейсенбі күнгі хабарламасы бұл заңның «діни ұйымдар туралы заңнаманы олардың дәрежесі мен әрекетін нақты реттеу арқылы жаңалау, қажетті құқықтық шектеулер белгілеу арқылы, сонымен бірге конфессионалды қатынастарды реттеу саласында мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыстарының негізін анықтауға бағыттылғанын» айтады.

Бұған қоса президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға да қол қойған.

Қыркүйектің басынан бері қызу талқыланған құжатты әуелі мәжіліс, сонан кейін сенат мақұлдаған болатын.

Бірақ заң жобасындағы 7-баптың 3-тармағы қоғамда дау тудырған еді. Оған сәйкес, мемлекеттік мекемелерде (ұйымдарда, қарулы күштер мен әскери құрамаларда, құқық қорғау органдарында, т.б. жерлерде) діни рәсім орындауға тыйым салынған. Ал «тыйымға қарсы келгендер әкімшілік жазаға тартылады» делінген. Алайда заң жобасының мәжілісте қатаң сынға алынған бұл тұсы қоғамдық палата мен жұмыс тобының талқылаулары кезінде алынып тасталған еді.

Бұл заң жобасындағы «жаназаны тек мешіттен шығару» туралы бап та көп сыналған.

Осыған дейін түрлі халықаралық ұйымдар да бұл заң жобасы елдегі түрлі діни ұйымдардың құқығын шектейтінін айтып, заңды қабылдамауға шақырған. Олар әсіресе заң жобасындағы «діни бірлестіктерді қайта тіркеуден өткізу», олар тарататын «діни әдебиеттерді діни сараптамадан Дін істері жөніндегі агенттік жетекшісі Қайрат Лама Шариф. Астана, 29 қыркүйек 2011 жыл.

Дін істері жөніндегі агенттік жетекшісі Қайрат Лама Шариф. Астана, 29 қыркүйек 2011 жыл.

өткізу туралы» ережелер діни ұйымдардың еркін жұмыс жасауына кедергі келтіретінінін айтып еді.

Құқық қорғаушылар тіпті заң жобасының атауынан «бостандық» ұғымының алынып тасталғанын айтып, "бұл заң сенім бостандығын шектейді" деген болатын.

Дін істері жөніндегі агенттік жетекшісі Қайрат Лама Шарифтың айтуынша, бұл заң күшіне енгенше (қол қойылған сәттен бастап 10 күннің ішінде) нормативтік құжаттар дайындалады, алғашқы құжат - діни бірлестіктерді тіркеу мен қайта тіркеу нормасы болады.

Қазақстанда алғашқы дін туралы заң – «Діни наным-сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заң» 1992 жылы қабылданған.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG