Accessibility links

Египет әскерилері саяси партияларға ультиматум қойды


Египеттегі наразылық шеруіне қатысушылар. Каир, Тахрир алаңы, 1 шілде 2013 жыл.
Египеттегі наразылық шеруіне қатысушылар. Каир, Тахрир алаңы, 1 шілде 2013 жыл.
Египет әскерилері елдің саяси партияларына араларындағы араздықты шешуге 48 сағат мұрсат берді. Телеарнадан сөйлеген Египет қорғаныс министрі, генерал Абдель Фаттах әл-Сисси егер осы уақыт аралығында президент Мұхаммед Мурси мен оның қарсыластары келісімге келе алмаса, онда армия елде бейбітшілік орнату үшін өз миссиясын орындауға кірісетінін ескертті. Қорғаныс министрі бұған қоса Египет қарулы күштері саясатқа араласпайтынын және үкімет құрамына кірмейтінін айтты.

Генерал "Мурсиге қарсы наразылық акциялары - азаматтардың қалауы" деп атап, билікке халықтың талап-тілектері ескерілуі тиіс екенін де ескертті.

Дүйсенбіде елдегі билікке қарсы наразылық акцияларының ықпалынан әуелі төрт министр отставкаға кеткен еді. Олардан соң сыртқы істер министрі Мохаммед Камель Амр де отставкаға кетті.

Мурсидің қарсыластары оны исламшыл партиядағы жақтастарына билікті беріп қойды және елдегі экономикалық проблемаларды шеше алмады деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG