Accessibility links

Жаңаөзенде тағы 11 азаматқа айып тағылғаны туралы ақпарат пайда болды


Жаңаөзен қаласының сыртындағы белгі. 18 сәуір 2012 жыл.

Жаңаөзен қаласының сыртындағы белгі. 18 сәуір 2012 жыл.

Ақпарат бойынша, айып тағылған азаматтардың барлығы Жаңаөзенде жаңадан ашылған бұрғылау мекемесінің жұмысшылары. Ал Жаңаөзен тұрғындары қалада қауіпсіздік шаралары күшейгенін айтып отыр.


Азаттық тілшісіне жаңа ашылған мекеменің жұмысшысы Оразбай Тұрсынбай өткен аптада полиция шақырып, «164-ші бап, әлеуметтік араздық қоздыру бабы бойынша айып таққанын» хабарлады.

«164-БАП, 3-ТАРМАҚ»

Оразбай Тұрсынбай мамырдың 17-сі Азаттық тілшісіне «Кінәң дәлелденсе, айыпталушы болып шығасың» дегендерін айтты.

- Бізге айып тақты. Бірақ әлі ұстаған жоқ. Шақырамыз деген. Адвокат ертіп барайын деп отырмын. Кеше, бүгін хабарласқан жоқ. Әлеуметтік араздық қоздырды деген 164-баптың 3-тармағымен айып тағып отыр. Әзірге бізді күдікті қып қойды. Енді тағы да тергейді, - деді ол.
Жаңаөзен ішкі істер басқармасы маңындағы гараж. 29 сәуір 2012 жыл.

Жаңаөзен ішкі істер басқармасы маңындағы гараж. 29 сәуір 2012 жыл.


Ол Азаттық тілшісіне өзімен бірге істейтін тағы он азаматқа осындай айып тағылып отырғанын да хабарлады. Дәл осы мекеменің кәсіподақ төрағасы Наурыз Сақтағанов та «айып тағылған 11 азаматтың қатарында» болып шықты.

- Өткен жылы жаз айында ереуіл басталған кезде мұнайшыларға, Наташаға (Соколова – ред.), басқасына кәсіподақ төрағасы ретінде «Бұларың жөн емес. Қазақ айтады «Сыйлағанның құлы бол» деп. Басшылар дегенмен де жасап отыр ғой» деп түсіндірме жұмыстарын жүргіздік қой. 8 мың адамның біразын 15 кәсіподақ болып жұмысқа шығардық. Мыңдай адам қалып қойды. Соның өзінде «Сен ереуілді ұйымдастырдың» деген айып тағып жатыр. Алланың алдында да, елдің алдында да ақпын. Ереуіл басталған кезде суретке түсіп қалсам керек. Соған бола «Сен неге заңсыз жерге барасың?» деп сұрайды, - деді Наурыз Сақтағанов.
Алланың алдында да, елдің алдында да ақпын. Ереуіл басталған кезде суретке түсіп қалсам керек. «Неге заңсыз жерге барасың?» деп сұрайды.

Бұл турасында Жаңаөзен қаласының ішкі істер басқармасына хабарласқанымызбен, жауап ала алмадық. Ал Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлзада Төлеуғалиева мамырдың 17-сі күні таңертең «Бізге ондай ақпарат түскен жоқ. Кім айтты - содан сұраңыз» деп жауап берді.

ҚАЛАДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Жергілікті ақпарат құралдары Жаңаөзен оқиғасына байланысты сот отырыстары аяқталып, үкімдер оқылар тұста қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін хабарлап отыр. Жаңаөзен тұрғындарына сілтеме жасаған «Guljan.org» басылымы апта ортасында қалада жол полицейлері көбейіп, әскерилер жиі ұшырасатынын жазды.
Ақтау қаласының орталығында жүрген солдаттар. Ақтау, 14 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақтау қаласының орталығында жүрген солдаттар. Ақтау, 14 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)


Бұл ақпаратты растаған Жаңаөзен тұрғыны Айгүл Бөлекбаева қалада солдаттардың әдеттен тыс көбейгенін айтты.

- Қазір көшеде солдаттар бар. Кеше Ақтау сотынан келе жатып қаланың әр жерінен, көк киімді, ОМОН ғой деймін, әйтеуір ала-ала киінген солдаттардың тұрғанын көрдім. Не үшін кіргізіліп жатқанын білмеймін. Қаланың іштерін реттеп, жол төсеп жатыр. Мүмкін, біреу келе жатыр ма деп ойлаймын, - деді Айгүл Бөлекбаева.

«БІР ОТБАСЫ - ЕКІ СОТ»

Жаңаөзен оқиғасына байланысты сотқа қатысып жүрген адвокат Арман Жәменовтың айтуынша, мамырдың 16-сы күні Жаңаөзенде Тамара Ерғазеваның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша бірінші сот отырысы өткен. Арман Жәменов мамырдың 17-сі Азаттық тілшісіне:

- Біз сотқа қатысқымыз келгенмен, кіргізген жоқ. Тамара Ерғазева Тамара Ерғазева 2012 жылы 25 ақпан күні Жаңаөзенде митинг өткізу үшін қала әкімдігіне өтініш әкеліп тұр. 14 ақпан 2012 жыл.

Тамара Ерғазева 2012 жылы 25 ақпан күні Жаңаөзенде митинг өткізу үшін қала әкімдігіне өтініш әкеліп тұр. 14 ақпан 2012 жыл.

​ куәгерге қоқан-лоққы жасады деп айыпталып отыр. Естуімше, прокурор Тамара Ерғазеваға үш жыл шартты жаза беруді сұраған. Сот әзірге үкім шығарған жоқ, - деді.

Оның айтуынша, сот отырысы Жаңаөзен қалалық сотында өткен. Келесі соттың қашан өтетіні белгісіз болып тұр. Бұл турасында Тамара Ерғазеваның өзіне хабарласқанымызбен, жауап ала алмадық.

Жаңаөзендегі оқиға бойынша айыпталған Жаңбыр Ерғазевтің әйелі Тамара Ерғазева наурыздың 14-і тұтқындалып, «үнпарақ таратты» деген айыппен үйқамаққа алынған.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG