Accessibility links

Ресей тергеу комитеті басшысы «журналистің өміріне қауіп төндірді» деп айыпталды


«Новая газета» басылымының редакторы Сергей Соколов. Мәскеу, 6 қазан 2009 жыл.

«Новая газета» басылымының редакторы Сергей Соколов. Мәскеу, 6 қазан 2009 жыл.

Ресейдегі тәуелсіз «Новая газета» басылымының бас редакторы Дмитрий Муратов Ресей федералдық тергеу қызметінің басшысын «газеттің аға редакторының өміріне қауіп төндіріп тұр» деп айыптады.

Дмитрий Муратовтың айтуынша, бас прокуратура қарамағындағы тергеу комитетінің бастығы Александр Бастрыкин газет редакторы Сергей Соколовты Мәскеу маңындағы орманға күштеп әкетіп, оның өміріне қауіп төндірген.

АШУ ТУДЫРҒАН МАҚАЛА

Муратовтың сөзіне қарағанда, Соколов пен Бастрыкин өткен аптада Нальчикте келіспей қалған. Одан кейін тергеу комитетінің басшысы журналисті өлтіретінін айтқан. Бұл кикілжіңге журналистің бір мақаласы себеп болған.

– «Новая газета» басылымында жарияланған мақалада «Ресейдің оңтүстігінде 2010 жылы 12 адамды өлтірген қарулы адамдарды жазаламай отыр» деген сын Бастрыкинге қарата айтылған. Осы мақала тергеу комитетінің ашуын туғызды, – дейді басылымның редакторы Дмитрий Муратов.

Газеттің бас редакторы Муратовтың айтуынша, «Сергей Соколов пен Александр Бастрыкин Нальчикте ашық түрде дауласып қалған. Ол жерге Бастрыкин Ресей тергеу комитетінің бастығы Александр Бастрыкин. Мәскеу, 9 мамыр 2012 жыл.

Ресей тергеу комитетінің бастығы Александр Бастрыкин. Мәскеу, 9 мамыр 2012 жыл.

Соколовты өзі шақырған болатын. Олар Кушевскийдегі жаппай қырғынға қатысты тергеудегі Бастрыкиннің рөлі мен ол іске қатысты жергілікті кеңес мүшесі Сергей Цеповяздың босатылуына байланысты Соколовтың бағалауымен келіспей қалыпты. Қайтар жолда тергеу комитетінің ұшағы Мәскеуге қонғанда, Бастрыкин мырза Соколовты ағаштардың арасына апарып, онымен сөйлескенде өміріне қауіп төндірген».

Бұл оқиғаға байланысты тергеу комитетінен немесе Ресей үкіметінен жауап алу әзірге мүмкін болмады.

Сәрсенбі күні Сергей Соколовты қолдап, Мәскеудегі тергеу комитетінің алдында пикет өткізген бес журналисті полиция қамауға алды.

«СОКОЛОВ РЕСЕЙДЕН КЕТІП ҚАЛҒАН»

«Новая газета» редакторы Дмитрий Муратовтың мәлімдеуінше, газет ұжымы «Ресей билігімен ақпараттық соғысқа араласқысы келмейді». Оның сөзіне «Новая газетаның» бас редакторы Дмитрий Муратов. Мәскеу, 12 мамыр 2012 жыл.

«Новая газетаның» бас редакторы Дмитрий Муратов. Мәскеу, 12 мамыр 2012 жыл.

қарағанда, Сергей Соколов бұл оқиғадан соң Ресейден бас сауғалап кеткен.

– Біздің мақсатымыз – ақпараттық күресті бастау емес, біздің жетекші қызметкеріміз, менің орынбасарым Сергей Соколовтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз оны елден шығарып жібердік, – дейді бас редактор.

«Новая газета» әлеуметтік және саяси мәселелерді зерттеп, сыни мақалаларымен танылған басылым. Бұл газетте жұмыс істеген бірнеше журналист, атап айтқанда Анна Политковская кісі қолынан қаза тапқан. Оны 2006 жылы Шешенстандағы соғысты сынап жазған мақаласынан соң қарулы адамдар атып кеткен.

«Новая газета» - Қазақстанда 2011 жылы 16 желтоқсанда болған Жаңаөзен оқиғасы туралы егжей-тегжейлі жазған басылымдардың бірі. Сол оқиғадан кейінгі жағдайды, тергеуде алған жарақатынан қаза тапқан Базарбай Кенжебаев туралы «Новая газета» тілшісі Елена Костюченко алғашқылардың бірі болып баяндаған.
XS
SM
MD
LG