Accessibility links

Ресей мен Украинаның «шоколад дауына» Қазақстан араласты


Ресейлік «Роспотребнадзордың» украин кәмпитіне тыйым салу талабына қазақстандық белсенділер наразы болды. Сарапшылар «кәмпит шиеленісінің» астарын екі елдің қарым-қатынасынан іздейді.

Украиналық Roshen («Рошен») компаниясының кондитерлік өнімдеріне Қазақстанның да тыйым салуын сұраған ресейлік «Роспотребнадзор» мекемесіне наразы бірнеше азаматтық белсенді Алматыдағы Ресей бас консулдығы алдына барып, Roshen кәмпитін жеп, «Боржоми» сусынын ішті.

Белсенділердің бірі Мұхтар Тайжан Ресейдің бұған дейін Грузия шараптары мен сусындарына да тыйым салғанын айта келе, «Роспотребнадзордың» бұл жолғы әрекетін сыртқы экономикалық санкцияға теңеді.

– Қазақстан Ресейдің «Рошенге» байланысты Украинаға салған сыртқы экономикалық санкцияға қосылмауы керек, – дейді ол.

Ресей бас консулдығы алдындағы шараға қатысушылардың бірі, саясаттанушы Расул Жұмалының ойынша, Ресейдің тыйымы – «әділ бәсекелестікке, адал қарым-қатынасқа сыйыспайтын дүние».

«КӘМПИТТЕРДІ ТЕКСЕРІП ЖАТЫРМЫЗ»

«Роспотребнадзор» бұған дейін Roshen-нің кейбір өнімдерінен, оның ішінде сүтті шоколадтарынан адам ағзасына зиянды бензапирен табылғанын айтып, компания өнімдерін Ресейге импорттауға тыйым салған. Ресейлік бұл мекеменің Қазақстанға да сондай ұсыныс айтқанын 9 тамызда денсаулық сақтау Ресейде сатылып жатқан Roshen кәмпиті. 29 шілде 2013 жыл

Ресейде сатылып жатқан Roshen кәмпиті. 29 шілде 2013 жыл

министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің бас сарапшысы Марал Рақымжанова растады.

Марал Рақымжанова Қазақстанның Roshen өнімдерін тексеріп жатқанын айтып, Ресейдің сұрауына қатысты қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

Ал республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы маманы Маржан Әжібаева украиналық Roshen конфеттерінен әзірше ешқандай бензопирен таппағанын мәлімдеді.

– Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен санитарлық- эпидемиологиялық станция Алматы мен Астанада тексеру жүргізген. Roshen конфеттерінің жеті түрін тексеріп, олардан ешқандай бензопирен тапқан жоқпыз. Қазір тағы да тексеру жұмыстары жалғасып жатыр, – деді Маржан Әжібаева Азаттыққа.

Roshen «Роспотребнадзордың» «украиналық кәмпиттерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бұзылған, этикеткасында көсертілген тағамдық құрамы өнімнің негізгі құрамымен сай келмейді, бензопирен көп» деген айыптауымен келіспейді.

«ГӘП – КӘМПИТТЕ ЕМЕС, РЕСЕЙДІҢ САЯСАТЫНДА»

Пиар-кеңесші Қуат Домбайдың ойынша, «Ресей кәмпитті сылтау етіп, Қазақстанмен арада жақсы достық әрі сауда қарым-қатынасы қалыптасқан Украинаға қысым жасамақ».

– Ресей Украинаның Еуроодаққа жақындап бара жатқанынан қауіптеніп отыр. Сондықтан Украинаға экономикалық қысым жасағысы келеді. Ал Қазақстан бұл жерде қысым жасаудың бір құралы болып отыр. Жалпы, Қазақстан Ресейге Пиар-кеңесші Қуат Домбай.

Пиар-кеңесші Қуат Домбай.

біржақты шешім қабылдауына жол бермеу керек. Бұл жерде мәселе Roshen кәмпиттерінде. Ол – сылтау. Кәмиттің тасасында Ресей мен Украина қарым-қатынасы жатыр, – дейді ол.

Қуат Домбайдың пікірінше, «Қазақстан Ресей жіберген өтініш хатты қабылдамауы тиіс».

– Қазақстан Ресейдің айтқанын орындап, украиналық кәмпит импортына шектеу қойса, біріншіден, халықаралық аренадағы абыройынан айырылады, екіншіден, ертеңгі күні Ресей Әзербайжан мен Өзбекстанның өнімдеріне де шектеу қоюды талап етуі мүмкін. Қазақстан Ресейдің айтқандарын орындай берсе, басқа елдермен қарым-қатынасы бұзылмақ, – дейді ол.

Халықаралық бизнес академиясының профессоры Уәлихан Төлешов пайымдауынша, «Ресейдің Украина кәмпиттеріне қарсы шығуы – империялық саясатының тағы бір көрінісі».

– Ресей Қазақстанның ішкі жағдайын өз уыстарында ұстағысы келетінін тағы бір дәлелдеді. Ресей жағы Кеден Одағы аясында жасалып жатқан шаралар деуі мүмкін. Қазақстанда тексеріс жүргізген санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер Roshen конфеттерінен бензапирен таппады. Демек, сатылымы жалғаса беруі тиіс. Қазақстан өзінің тексеру және бақылау мекемелері тұрғанда «Росподтребнадзорға» не үшін сенуі керек? – дейді ол.

РЕСЕЙДІҢ «ТАМАҚ СОҒЫСТАРЫ»

Ресей көршілерінің азық-түлік өнімдеріне бұған дейін де бірнеше рет тыйым салған еді.

Мәскеу 2010 жылы Молдова шараптарын елге кіргізбеу туралы шешім шығарғанымен, кейін екі ел өзара келісімге келді.

2011 жылы Ресейдің бас санитарлық дәрігері Геннадий Онищенконың Ресейде сатылып жатқан "Боржоми" сусыны мен Roshen кәмпиті. 29 шілде 2013 жыл

Ресейде сатылып жатқан "Боржоми" сусыны мен Roshen кәмпиті. 29 шілде 2013 жыл

ұсынысымен, бұл ел «Грузия шараптарының құрамы талапқа сай келмейді» деп, тұтынудан бас тартқан еді. Онищенко Қазақстанға да Грузия шараптарын кіргізбеуді сұраған. Бірақ Қазақстан бұл ұсынысқа қарамастан Грузиядан шарап импорттаған.

– Ресейдегі шудан кейін біз Грузия мен Молдова шараптарына да тексеру жүргізгенбіз. Бірақ тексеріс кезінде де шараптардың барлығы талапқа сай болып шыққан, – дейді Қазақстан санитарлық-эпидемиялық станциясы маманы Маржан Әжібаева.

Ресей 2012 жылы «құрамында пальма майы бар» деген уәжбен Украинаның ірімшіктерін кіргізуге де шектеу қойған.

Бұл жолғы даудың кейіпкері – Roshen бұрынғы Совет Одағының тоғыз еліне, сонымен қатар АҚШ, Канада, Германия және Израильге кәмпит экспорттайды. Roshen-нің Ресейдегі сауда көлемі жыл сайын ұлғайып келе жатыр. 2012 жылы бұл мекеменің Ресейдегі саудасы 175 пайызға артып, 40 миллион доллар таза пайда тапқан.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG