Accessibility links

Ромни іш тартатын мормондар туралы көзқарас әрқилы


«Ғайса пайғамбар мен заманақыр әулиелері шіркеуі» қаржыландыратын мормондар хоры.
«Ғайса пайғамбар мен заманақыр әулиелері шіркеуі» қаржыландыратын мормондар хоры.
АҚШ-та президенттік сайлауға түсіп жатқан Митт Ромни өз діні жайлы ештеңе демейтін. Бірақ соңғы кездері өзіне де, діни қауымға да пайдалы болар деген үмітпен сенімі туралы ашық айта бастады.

Солт-Лейк-Ситидегі «Ғайса пайғамбар мен заманақыр әулиелері шіркеуінің» ғажайып ғибадатханалары, хоры мен кіршіксіз таза киініп жүретін миссионерлері дүниеге кең таныла бастады. АҚШ-тың бір қиырындағы Юта штатының орталығына арнайы барған «Америка дауысының» тілшісі олардың дінді үйінде қалай ұстап отырғандарын өз көзімен көріп қайтты.

ҒАЖАЙЫП КҮМБЕЗДЕГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ

Тами Ларсен есімді мормон неке мен отбасыны киелі деп санайды.

- Біз тек бұл дүниеде ғана емес, мәңгі өмірде де бір отбасы боп қалатынымызға сенеміз, - дейді ол.
Мормондар қауымының негізін қалаған Жозеф Смит. Сурет Wikipedia-дан алынды. 21 ақпан 2008 жыл.
Мормондар қауымының негізін қалаған Жозеф Смит. Сурет Wikipedia-дан алынды. 21 ақпан 2008 жыл.

Ларсендер отбасы әр жексенбіде шіркеуге барып, үш сағаттай құлшылық қылады. Ғибадатқа ересектер түгел қатысады.

Мормондар темекі шекпейді, кофе, шай, алкогольдік ішімдіктер ішпейді. Мұндай тақуалықтың қайтарымы да бар. Ол – Welfare Square деп аталатын азық-түлік компаниясы. Бұл компания Bishops деп аталатын қоймаларға арзандатылған бағамен түр-түрімен азық-түлік жөнелтеді. Ал Bishops оны Солт-Лейк-Ситидегі сатып алушылар өзіне-өзі қызмет көрсететін арзан супермаркеттерге таратады. Әлеуметтік жағдайы нашарлау барлық отбасылар мұндай су тегін азық-түлікке дән разы.

Діни мерекелер Солт-Лейк-Ситидегі бас шіркеуде, не болмаса әлемдегі тағы басқа көптеген ғибадатханаларда аталып өтіледі.

«Храмдарымыздың саны 139-ға жетті» дейді шіркеу басшысы Уильям Уокер. Шіркеу жақында ғана Бригэм қаласында салынған екен. Басқа да мормон ғибадатханалары сияқты бұл да аса қымбат материалдардан ақшаңқай түсті етіп салынған. Архитекторлардың тұжырымдамасы бойынша, "құлшылық қылушылар көкте жүргендей сезімге бөленулері керек".

Мормондардың ғибадатханалары Інжілде суреттелген Сүлейменнің сарайына барынша ұқсатылып салынады. Киелі деп саналғандықтан, мормон еместерге шіркеуге кіруге және суретке түсіруге рұқсат етілмейді.

«Ғайса пайғамбар мен заманақыр әулиелері» шіркеуінің мүшелерін сырт халық «мормондар шіркеуі» деп те атайды.
Мормондардың негізгі кітаптары. Алматы, 23 қазан 2011 жыл. ​
Мормондардың негізгі кітаптары. Алматы, 23 қазан 2011 жыл. ​
Мормондар Інжілді Құдайдың сөзі деп мойындайды. Бірақ одан бөлек өздерінің «Мормондар Кітабы» деп аталатын киелі кітаптары және бар. Ол кітапта Ғайса пайғамбардың Американың байырғы тұрғындарына келгені жайлы баяндалады.
Діни қауымдастық мүшелері Ғайсаны Ұлы құтқарушы және Құдайдың баласы деп таниды және оның «қайтып тірілгеніне» қатты сенгендіктен мойындарына крест тақпайды.

Олар «барлық адам ұрпағы жерге түскенге дейін Құдаймен бірге болған, жердегі өмір өлген соң Құдайға қайта қосылу үшін адамдарға сынақ үшін берілген» деп сенеді.

Мормондардың бұрынғы ата-бабалары мен басқа да мормон еместерді сыртынан шоқындырғаны біраз пікірталас туғызған.

Ертедегі мормондар көп әйел алған. Олар 1890 жылы Юта штатын АҚШ-қа қосу үшін бұл салттан бас тартқан. Полигамия кейбір бөлініп кеткен ұсақ фундементалист топтарда әлі күнге дейін сақталған.

«БҰРЫНҒЫ МОРМОН МЕН БҮГІНГІ МОРМОН АЙТЫСЫП ҚАЛАР ЕДІ»

«Заманақыр әулиелері» берекелі, тату отбасының үлгісі сияқты көрінеді. Митт Ромнидің отбасы да сайлау кезінде дәл сондай имидж қалыптастыруға тырысып жатқаны белгілі.
АҚШ-тың республикалық партиясынан президенттік сайлауға түсіп жатқан Митт Ромни (сол жақта) бұрынғы президент Билл Клинтонмен амандасып жатыр. Нью-Йорк, 25 қыркүйек 2012 жыл.
АҚШ-тың республикалық партиясынан президенттік сайлауға түсіп жатқан Митт Ромни (сол жақта) бұрынғы президент Билл Клинтонмен амандасып жатыр. Нью-Йорк, 25 қыркүйек 2012 жыл.

Бірақ шіркеудің сыншысы Том Кимбалл «шындығында жағдай сәл басқаша» екенін айтады.

- Бізге асыраудың өзі қиынға түсетін үлкен отбасы құруға шақырады. Мінсіз жүріс-тұрысты, кіршіксіз киім киген, ауласына дейін декорация сияқты тап-тұйнақтай үйде тұруға үндейді. Көпшілігіміздің табиғатымыз бағынғысы келмейтін коллективтік қалып екенін ұққанда, депрессия басталады, - дейді ол.

Кимбалдың пікірінше, Ромнидің сайлау компаниясы насихаттап жүрген мормондар қауымының бейнесі шындыққа жанаса бермейді. Ол бірнеше жыл бұрын шіркеу басшыларының керітартпа көзқарасын сынап шыққан.

- «Жоқ» деп айтқаннан соң-ақ басым бәлеге қалды. Сіз де «жоқ» дей қалсаңыз, сол сәттен бастап ісіңіз кері кетеді, - дейді Кимбалл.

Оның айтуынша, қазір балаларының діни салтанаттарына қатысуына да тыйым салынған.
19 ғасырдағы мормондар мен қазіргі мормондар арасында қарама-қайшылықтар жетеді. Олар бірге отырып ортақ діни мәселелерді талқыламақ түгілі бірін-бірі дінбұзар, еретик деп айыптауы мүмкін еді.

Кимбалл мормондар көп әйел алған ерте кезеңдегі шіркеудің тарихын қайта зерттейтін баспа үйінде жұмыс жасап жүр.

- 19-ғасырдағы мормондар мен қазіргі мормондардың арасында қарама-қайшылықтар жетеді. Олар бірге отырып ортақ діни мәселелерді талқыламақ түгілі бірін-бірі дінбұзар, еретик деп айыптауы мүмкін еді, - дейді Кимбалл.

Сыншының ойынша, қазіргі шіркеу өкілдері Америкадағы жалпы діни ахуалға бейімделіп кету үшін барынша өзгеруге тырысып жатыр. Бұл мақсатқа жету үшін бір мүшесін АҚШ президенті етіп сайлаудан артық қандай амал болуы мүмкін?

РОМНИДІҢ МОРМОН ЕМЕС САЙЛАУШЫЛАРЫ

АҚШ-тағы евангелиелік христиандар мормондарға ұзақ уақыт бойы күдікшіл көзбен қарап келген. Бірақ қазір көптеген евангелистер өздері жақтайтын президенттікке кандидаттың саяси платформасы мен дінін қатар түсінуге тырысып жатыр. Солай бола тұрса да олар Америкада 19-ғасырда мормонизмнің негізін қалаған Джозеф Смиттің ілімін мойындамайды.

- Джозеф Смиттің 34 әйелі болған. Смит әйелдікке алғанда олардың он бірі басқа күйеулерімен некеде тұрған, - дейді Роб Сивулка.

Ол - «Ғайса пайғамбар мен заманақыр әулиелері шіркеуінің» алдына барып, тамағын жыртқанша айтысып тұратындардың бірі.

Джозеф Смиттің 34 әйелі болған. Смит әйелдікке алғанда олардың он бірі басқа күйеулерімен некеде тұрған.
Бұл шіркеу көп әйел алуға 1890 жылы тыйым салған. Бірақ «заманақыр әулиелерінің» мұндай айыптауларға құлағы үйреніп кеткен.

Інжілге сенетін Сивулканың діни тобы Америкадағы мормондарға дінінің қате екендігін дәлелдеуге тырысып жүрген көп ұйымның бірі ғана.

Аузынан дұғасын тастамайтын Сивулка бұрын мормон болған қызға үйленген. Өзіне мормондардың ұнайтынын айтады. Солай дей тұра ол:

- Мен оларды жалған христиандар деп білем. Бұл пікірімді Інжілдің 43:10 бөліміндегі жолдарға сүйеніп айтып отырмын. Мормондар Ғайсаның атын жамағатын көбейту үшін ғана пайдаланады. Мормондарға қосылып, алданып жүрген христиан бауыларыма жаным ашиды. Оны культке табыну деп білемін, - дейдi.

Алайда мормондар шіркеуі мұндай айыптауларды жоққа шығарады. Олар өздері 19-ғасырдың пайғамбары деп танитын Джозеф Смиттің ілімі Інжілге қайшы емес деп санайды.
Иса Мәсіхтің Солт-Лейк-Ситидегі мормондар шіркеуіндегі мүсіні. Мормондар Иса пайғамбарды діннің премьер-министрі ретінде сипаттайды.
Иса Мәсіхтің Солт-Лейк-Ситидегі мормондар шіркеуіндегі мүсіні. Мормондар Иса пайғамбарды діннің премьер-министрі ретінде сипаттайды.

Бірақ Смиттің үйретуі бойынша адамның пейіште жасаған бірінші күнәсі кешірілген. Сондықтан ендігі дінге сенушілердің барлығы дерлік әулие атана алады. Мормондардың тарихын зерттеуші профессор Джон Хоус басқа христиандардың бұл тұжырымды ұнатпайтынын айтады.

- Джозеф Смиттің еңбегі мақсатты түрде болмаса да, діни көзқарасқа жік салды, - дейді ол.

Ал Сивулка күресін тоқтатпайды. Бірақ мәселе саясатқа келіп тірелгенде ол амалсыз Митт Ромниді қолдайды.

- Мен оған белгілі бір деңгейге дейін сене аламын. Бірақ, әлбетте, бар ниетіммен беріле алмаймын, - дейді ол.

Мормондар белсенді түрде дінге шақыру әрекетін айыптаудың екіжүзділік болатынын мойындайды. Олардың миссионерлері шалғай жерлерге дейін сапар шегіп, қатарына халықты тарту үшін кез-келген есікті қағып жүре береді.

Халқының басым көпшілігі мормон қалада тұратын Эрик Джонсон мен евангелист досы есігін қағып келетін миссионерлерге керісінше өз діндерін насихаттап қалуға тырысады екен.

- Үйіме миссионерлердің келгені ұнайды. Есікті бірден жаба салмаймын, - дейді Джонсон.

Джонсон Ютадағы Бригэм қаласына арнайы келіп, қала тұрғындарының жаңа ғибадатханасының ашылу салтанатына қатысты.

- Өзімізді анти-мормонбыз деп ойламаймыз. Біз оларды ұнатпайтын болсақ, оларға жанымыз ашып тура жолға шақырмаған болар едік, мына мерекеге қатыспаған болар едік, - дейді евангелист Эрик Джонсон.
Өзімізді анти-мормонбыз деп ойламаймыз. Біз оларды ұнатпайтын болсақ, оларға жанымыз ашып тура жолға шақырмаған болар ек.

Ал профессор Джон Хоус:

- Ең дұрысы - кей кездері оларға мүлде мән беріп қажеті жоқ, - деп санайды.

Бірақ елдегі ең басты саяси бәсекеге бір мүшесі қатысып жатқанда мормондарға мән бермеу және мүмкін емес сияқты.

Осылайша АҚШ-тағы мормондар мен евангелист христандардың арасындағы діни айтыс-тартыс тоқтамай жүріп жатыр. Бірақ президент сайлауының қарсаңында екі жақ та тым болмағанда теологиялық дау-дамайларын уақытша болсын ысыра тұрғанды жөн көргендей.

(Редакциядан: Материал «Америка дауысы» вебсайтының мақаласы негізінде әзірленді)
XS
SM
MD
LG