Accessibility links

Америка хикаялары: Шатыр жоғалса да, идея ұмытылмайды


"Occupy Wall Street" қозғалысын қолдаушылар. Нью Йорк, 17 қараша, 2011 жыл.
"Occupy Wall Street" қозғалысын қолдаушылар. Нью Йорк, 17 қараша, 2011 жыл.

Өткен жылдың қыркүйек айында Нью-Йоркте «Occupy Wall Street» ("Уолл-Стритті басып ал") қозғалысы пайда болған еді. Қазір қаланың «Зуккоти» паркі қаңырап бос тұр.


Вашингто, 2012 жылғы ақпанның 3-і (мақала жазылған уақыт - ред.). Телеарнаның бірнеше операторы құрал-жабдықтарын жинап, бір ай бұрын кетіп қалды. Тұрғындарды мезі қылған түнгі барабан үні де басылып, көше тынышталды.

Наразылар Нью-Йорктегі "Зукотти" саябағына жиналды. 15 қараша, 2011 жыл.
Наразылар Нью-Йорктегі "Зукотти" саябағына жиналды. 15 қараша, 2011 жыл.
Өткен жылдың қыркүйек айында Нью-Йоркте «Occupy Wall Street» қозғалысы пайда болған еді. Қазір қаланың «Зуккоти» паркі қаңырап бос тұр. 2011 жылдың күзінде экономикалық теңсіздік пен корпоративті шексіз тойымсыздыққа қарсы шыққан белсенділер осы паркке толып кеткен болатын.

Қараша айының ортасында полиция жасағы түнделетіп келіп, парктегі шатырларды жоқ қылды. Содан бері шатырға түнеуге болмайды деген тыйым қатаң қадағаланып келеді. Қазір белсенділердің шағын тобы күндіз ғана көзге шалынады. Кейбіреулер қозғалыстың әлі де тоқтамағанын білдіру үшін түнгі кезекшілікке келіп, түнімен ояу отырады.

Қозғалыс алты ай ішінде АҚШ аймақтарына түгел тарады. Әлемдегі басқа елдердің белсенділері де қала парктеріне шатыр тігіп, банктер мен үкімет үйлерінің алдында шеру өткізді.

Қозғалыс әлі де кейбір жерлерде байқалып қалады.

Қозғалысқа қатысушылар біріге бастаған кезде қалалардағы жергілікті билік пен полиция бұл шерулерді басып тастауға тырысты. Оклэндтегі (Калифорния)
"Occupy Wall Street" қозғалысын қолдаушылар. Оклэнд, Калифорния, 12 желтоқсан, 2011 жыл.
"Occupy Wall Street" қозғалысын қолдаушылар. Оклэнд, Калифорния, 12 желтоқсан, 2011 жыл.
«Occupy» қозғалысының 400 мүшесі қаңтардың 28-інде шерушілер мен полицейлер қақтығысынан соң қамалған болатын.

Кейбір белсенділер қақтығыс кезінде қатігездік көрсеткен еді. Нью-Йорктегі белсенділер өзара ұйымдасып, полицейлерге қарсы күресушілерге қосылып та кеткен еді.

Кейбір қалаларда наразылық акциясын шағын топтар жалғастырды.

«Ешқандай банктің, ешқандай қожайынның керегі жоқ» деген ұранмен ереуілдеп жатқан Сиэтлдегі «Occupy» мүшелерін орналасқан жерінен таяуда полиция қуып жіберді.

Ұсталғандардың алты мыңнан астамы азаматтық құқықтарды бұзып, заңға бағынбағаны үшін және вандализмге жол бергені үшін айыпталып жатыр.

Портленд, Мэне, Питсбург және Пенсиьлванияда «Occupy» мүшелерін қорғап жүрген адвокаттар олардың үстінен қылмыстық істер қозғалуына қарсы күресіп жатыр. Қозғалыстың жалпы ауқымы тарылып бара жатса да кейбір жерлерде керісінше өрісі кеңи түскен.

АҚШ астанасы Вашингтон қаласында демонстранттар Ақ үйдің қасындағы екі бірдей саябақта қарсылық шарасын жалғастырып жатыр.

Вашингтон қаласының тұрғындары шерушілердің әрекеттерін қалай бағалауды білмей отыр. Қазан айынан бері шерушілерге жүздеген жақтаушылар жаңа жылда да, жаңбырда да, қарда да, суық күндерде де тәулік бойы қолдау көрсетіп келді.
Осы уақытқа шейін қала әкімшілігі, болмаса АҚШ үкіметі оларды қуып, таратып жіберген жоқ.

Мұның бір себебі - федералды сот осы аптада ескерту қағазын бермей тұрып шерушілерді қуып таратуға тыйым салған заң шығарды. Бұл ескертулер соттың шешімін талап еткенде қажет болады.

Белсенділер жатқан шатырларды қалалық денсаулық сақтау департаментінің мамандары тексеріп, тышқандардың шамадан тыс көбейіп кеткенін айтып дабыл қаққанымен, дәрігерлердің қолында шерушілерді ол жерден қуып жіберетіндей билік жоқ.

Конгрестің республикалық партия мүшесі ереуілшілердің не себепті капитализмге қатты қарсы болып жатқанын білуді талап етті. Ол ереуілшілердің саябақтағы шөпті таптап, былғап тастағандарын ерекше атап көрсеткен.

Вашингтонда ереуілдеп жатқандардың одақтастары да бар. Қала әкімі Винсент Грэй олардың саябақта акция өткізу құқықтарын қорғап шықты. Ұлттық парк қызметі
Күн суытқанмен шеру шатырда жалғасты. 2 желтоқсан, 2011 жыл.
Күн суытқанмен шеру шатырда жалғасты. 2 желтоқсан, 2011 жыл.
бақ ішінде шатыр тігуге қатысты тыйым-талаптарды орындауды шерушілерден талап етуден бас тартты. Парк қызметі «бақтағы ұйықтамайтын шерушілер үздіксіз ауысып тұрады, бірақ олар паркті техникалық жағынан иемденіп алған жоқ» деген уәж айтып отыр.

Американың басқа кез-келген қаласымен салыстырғанда Вашингтонда жария түрде ереуілге шығуға қатысты құқықтар әлдеқайда жақсы қорғалады. Мартин Лютердің кедейлікке қатысты шеруінен бастап, Вьетнамдағы соғысқа, атом қаруына қарсы шерулерді азаматтар осы Колумбия округіне келіп жүзеге асыратын.

Саябақ әкімшілігінің өкілі ретінде бір қызметші тілшіге «сөз бостандығына қатысты бірінші түзетуде бұл құқыққа (қарсылық білдіру құқы - ред.) артық құрмет көрсетіліп, әсіресе сөз бостандығына басымдық берілген» деп сұқбат берген.

«Occupy Wall Street» қозғалысын адамдар өздері қатысып та, сырттай да бақылап жүр. Олардың ойынша, үлкен қозғалыстарға серпін берген нью-йорктік белсенділер күн суытқан кезде арындары басылып, саябақта амалсыз жүр.

Көктем шығып, күн жылынып, ереуілге ыңғайлы мезгіл туса, қозғалыс қайта басталуы мүмкін. Кейбір адамдар «жетекшілерін сайлап алмағандықтан және анық ережелердің бекітілмеуінен бұл қозғалыс осымен біржолата тоқтады» деген пікір айтады.

Бірақ қозғалыстың америка азаматтары келісетін тұстары бар. «Occupy Wall Street» қозғалысы Америкадағы «экономикалық мүмкіндік» ұғымын өзгертіп кетті. Оның
"Зукотти" саябағындағы полиция мен ереуілшілер арасындағы қақтығыс. Нью-Йорк, 15 қараша, 2011 жыл.
"Зукотти" саябағындағы полиция мен ереуілшілер арасындағы қақтығыс. Нью-Йорк, 15 қараша, 2011 жыл.
«Біз (тұрмысы орташалар және кедейлер - ред.) - 99 пайызбыз!» дейтін ұраны қаржы жүйесінің бетіне тартылған пердені ысырып тастады.

Бұл қаржылық жүйе бай адамдарға қызмет етеді. Үкімет саясатының да осы жүйені қорғайтыны белгілі болып қалды. Қазір америка халқының 15 пайызы кедейшілікте өмір сүреді. 50 жылдан соң олардың саны әлеуметтік таптар арасында алдыңғы орынға шығады.

Парктерде тігілген шатырлар уақыты келгенде ақырындап көзден ғайып болуы әбден мүмкін. Бірақ олардың идеясы қалады, адамдардың санасына тигізген әсері жуырда жойылмайды.
XS
SM
MD
LG