Саясат

Назарбаев: Қазақ тілі мәселесіне алаңдайтындар өз ақшасына нақты жоба жасасын

Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайы

23.10.2008

23 қазанда Парламенттегі босаған бір орынға Қазақстан халқы Ассамблеясынан мәжіліс депутаты сайланып, Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың төрағалық етуімен Ассамблеяның XIV-сессиясы да өткізілді.

Парламенттегі бос орынға енді Болгар мәдени орталығының жетекшісі Олег Дымов депутаттық мәртебемен жайғасатын болды. Естеріңізде болса, осыдан бірер апта бұрын Ассамблея атынан сайланған Виктор Цой өз еркімен депутаттық мандатын тапсырған еді.

Ассамблея сессиясына төрағалық еткен мемлекет басшысы бұл жолы да мемлекеттік тіл – қазақ тіліне тоқталды. Ол соңғы кезде қазақ тілі мәселесін көтерушілердің көбейіп бара жатқанын айтып, тіл тақырыбында саяси бедел жинау қоғамдағы ұлтараздықты туғызады деді.

– Қазақ тіліне қатысты барлық мәселе - Қазақстан Конституциясына, заңға сәйкес орындалу керек. Бізде «Тіл туралы» заң бар ғой. Соның төңірегінде жұмыс істейік. Тіл тақырыбында түрлі шағыстыру әңгімелерді тоқтату керек. Егер шын мәнінде қазақ тілінің проблемасы әлдекімді алаңдатса, ақша салсын да, нақты жоба құрсын. Мен осы үшін қазақ тілінің дамуы жайында арнайы қор құрдым,- деді мемлекет басшысы.

Ол Қазақстандағы қазақ ұлтының кейбірінің өз тілін білмеуіне Кеңес Одағының тоталитарлық жүйесі кінәлі деді. Сол үшін, оларды кінәлауға болмайды деп, қазақ тілін дамытуға барынша күш салып жатқандығын да айтты.

Президент өсіп келе жатқан балалардың қазақша білмеуі оларға арналған қазақша мультфилмьдердің, бағдарламалардың болмауынан екендігін айтып, осы мәселені «Қазақфильм» киностудиясына арнайы тапсырды.

Сонымен бірге, бұдан былай телеарналардан шығатын қазақша жаңалықтардың астында орыс тілінде міндетті түрде субтитр қойылу керектігін де көтерді. Осыларды есепке ала отырып, мемлекет басшысы қазақ тілінің проблемасы жөнінде арнайы комиссия құруға тапсырма берді. Онда тіл үйренудің ең тиімді жолдары зерттеліп, қазақ тілінде шығатын оқулықтардың сапасы да жіті қадағаланатын болады деді.

Мемлекет басшысы келтірген дәйектерге сүйенсек, Қазақстандағы қазақ ата-аналардың 80 пайызы балаларын қазақ мектебіне берсе, 20 пайызы орыс мектебіне береді екен. Ал өзге ұлттардың 25 пайызының балалары қазақ мектебіне барады екен.
 
 
Бұл форумда жариялануды қалайсыз ба?
Аты-жөні *
Мекені
E-mail
Пікір *
Пікіріңізді білдірместен бұрын Форум ережелерін оқып шығыңыз

Пікірлер 1-10 (жиыны 15)
Кімнен: Алдаспан Қайдан: Алматы
29.11.2008 12:50

Жақында президент тілшінің неге орысша сөйлейсіз деген сұрағына :қазақтардың болашағы үшін,қазақ үшін орысша сөйлеп жүрмін деді.масқара!


Кімнен: Kz Қайдан: Kitay
15.11.2008 20:03

"өсіп келе жатқан балалардың қазақша білмеуі оларға арналған қазақша мультфилмьдердің, бағдарламалардың болмауынан"
Durysy:
"osip kele zhatkan balalardyng qazaqsha bilmewi tubin kuwganda Nazarbayevting qorqaqtygynda, oryska degen zhagympazdygynda", pir ulttyng tagdyryn bir zhagympazdyng kolynda turgany adamdy qatty alangdatady. Sonyng saldarynan evropa, amerikada okytyn ne kyzmet etetin qazaqstannyng qazaq zhastaryda bir birine oryssha soileidi, tek turkiya, qytay, mongoliadan bargan qazaqtar gana qazaqsha soileidi, basqalar surasa keybiri tipti uyalmay turyp qazaqstannyng memleket tili orys tili deydi.qazaqstannyng zhastary, sender nege namystanbaysyngdar, biz senderding myna turleringdi korip qatty namystandyk, nedegen beysharalyk edi!


Кімнен: Tarbaghatay Қайдан: Tarbaghatay
15.11.2008 18:09

Hәңға сенбеімен , Бізге Ұлттыжанды Билік Керек.


Кімнен: Muhammed Қайдан: usa
14.11.2008 02:06

Osy bilikpen Kazak eli mankurtstan bolyp ketedi. Kazakka revolution kerek, bilikti auystury kerek.
Odan son Ylttyk respublikany jasau kerek,Turkey siyakti; multinational Kazakstan emes - Kazaki kazakka arnalgan Kazakstan


Кімнен: Арнұр Қайдан: Қарағанды
04.11.2008 13:48

Осылай жүреміз-дә,тілді қорлап біттік қой....қайран тілім....


Кімнен: turcen Қайдан: kitai
01.11.2008 16:43

dures


Кімнен: Тимуха, Қайдан: АКТАУ
28.10.2008 15:01

Тілге жаны ашыйтындар өз ақшасына жоба жасасын дегені НАзарбаевтың мысқылы,басқа халықтардың алдындағы жағымпаздығы.


Кімнен: сабыр Қайдан: ақтөбе
26.10.2008 16:29

қазақтабасқа да ұлт өкілдері баяғыдай символдықмәнге сенеді егер елбасы басқада ең болмаса шетелде алысжақынқазақша сөйлесе әлдеде әрісәрі болып жүргендер бұл сигналды дұрыс түсінереді әйтпесе онжерден қазақшасөйлеу керек болошақ қазақ тілінде деседе әлі сенбейді бұлқарапайым адами мінез басшыға біздін елде көп мәні бар сонда ғана қазір қазақ аз методика жасым келді ттбасқалай сылтаулар тиылады да әр адам өзі шешеді мен қазақстанда болашағым деген үйренеді ал басқалар өзі білсін көріп жүрміз кілің қазақ арасында мен орысша оқығанмын дегендердін өзі қазақша сойлеуге тырысады ал бірекі басқа ұлт болса аударылып түседі бұлда құлдық ауру қасіреті жалтақтық


Кімнен: Саят Қайдан: Актау
25.10.2008 18:37

Тілге аландайтындар өз ақшасына жоба жасасын деген не сандырақ?


Кімнен: Атырау ұлы Қайдан: Атырау
25.10.2008 08:05

Еліміздің басшысы өзінің де тілге қандай қозқарасы бар екенін іс жүзінде көрсетіп жүр ғой. Бірде БҰҰ мінбесінен орысша сөйлеп тұрғанын көргем. Өзі ел басқарған жиырма жыл ішінде қазақшадан ағылшын тіліне аударатын тілмаш табалмаған елді қалай көз алдыңызға елестетесіз.!!! Елде болса айтар еді, отандастарымның алпыс пайызы түсінбегндіктен деп...
Ел басының өз балаларына берген тәрбиесін елдің бәрінің көз алдында, осыған қарап отырып бұл кісіден аса көп үміт күтудің қажеті жоқ екенін түсінуге болады...

Пікірлер 1-10 (жиыны 15)
Мәтін көлемі