Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 04:44

ҚАЗАҚСТАН

Әбіқаев екінші мәрте Ұлттық қауіпсіздік комитетіне төраға болып тағайындалды

Тамыздың 23-і Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы етіп Нұртай Әбіқаевты тағайындады. Әбіқаев 1998-1999 жылдары дәл осы қызмет орнында жұмыс істеп кеткен болатын. ҰҚК-нің жаңа басшысы бұрынғы қызметтерінен әртүрлі дау-дамайға ілініп кетіп отырған еді.

Нұртай Әбіқаев, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы. Сурет 16 тамыз 2010 ж. Алматыда түсірілген
x
Нұртай Әбіқаев, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы. Сурет 16 тамыз 2010 ж. Алматыда түсірілген
Мәтін көлемі - +

Қазақстан президенті осымен екінші мәрте Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқаруды өзінің сенімді саяси серігі Нұртай Әбіқаевқа тапсырып отыр. Бір жылға жетпейтін мерзім төрағалық атқарған Әділ Шаяхметов «басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды» деген мәлімет таратады Қазақстан президентінің ресми вебсайты.

1998 жылдың қыркүйегінде Әлнұр Мұсаевтан кейін қауіпсіздік комитетін басқарған Нұртай Әбіқаев 1999 жылғы тамыз айында қызметінен кетуге мәжбүр болған еді. «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Солтүстік Кореяға заңсыз түрде әскери техника сатты» деген мәлімет жарыққа шығып кеткен соң «өз еркімен қызметтен кетті» деген ақпарат бойынша Әбіқаев орнынан бірден түсіп қалған еді.

Бұдан кейін Нұртай Әбіқаев екі мәрте (2000-2002 ж.ж., 2008-2010 ж.ж.) сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, президент әкімшілігінің жетекшісі (2002-2004 ж.ж.), Сенат төрағасы (2004-2007 ж.ж.) және Қазақстанның Ресейдегі елшісі (2007-2008 ж.ж.) қызметтерін атқарды.

2006 жылы «Нағыз Ақ жол» партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлы қастандықтан қаза тапты. Көп кешікпей саясаткерді өлтіруге тапсырыс берген сол кездегі Сенат төрағасы Нұртай Әбіқаевтың жақын серігі, аппарат жетекшісі Ержан Өтембаев болып шықты. Сол шақта оппозиция өкілдері Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты Қазақстан президентінен Нұртай Әбіқаевты жауапқа тартуды талап етті. Ресми билік оның бұл қылмысқа еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Әбіқаев болса көп ұзамай Ресейге дипломатиялық қызметке ауысты да, соңғы екі жылға жуық уақыт сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеп келді.

Нұртай Әбіқаевты Қазақстандағы саяси ортада президенттің кадр саясатына ықпал ете алатын өтімді адам ретінде таниды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: кудик пен куман Қайдан: алматы
23.08.2010 22:50
+0 / -0
Джедай кайта оралды.тагы бир согыс басталды деген соз.бул жолгы курбандык ким? Тас болуы абден мумкин...

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
23.08.2010 23:27
+0 / -0
Енді.......

Кімнен: Ызадан жарылған
24.08.2010 00:57
+0 / -0
Тфу, ев...ть!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.08.2010 08:31
+0 / -0
Қанішер, "Сұр кардинал"!

Кімнен: жантақ
24.08.2010 09:27
+0 / -0
дарынсыз, ұсқынсыз, көсегіш - бірақ осындай кейіпкерлердің қоршауында ғана сіл көріктірек көрінер, себебі бұлар қысқа шілдедегі төбеттері

Кімнен: Тәтті не дейді... Қайдан: Алматы
24.08.2010 09:31
+0 / -0
Рахат Әлиевтен әңгіме күтеміз... Бір білсе сол біледі бұл жүрістің неліктен жасалғанын...

Кімнен: Актау Қайдан: коктау
24.08.2010 09:45
+0 / -0
Тень Великого Хана

Кімнен: қарабура Қайдан: шымкент
24.08.2010 09:50
+0 / -0
Әбіқаев дегеніңіз А мен Б ны қосып екі ауыз дұрыс сөз айта алмайтын, не саясатшы емес, не көзі ашық зиялы емес кісі. Қолшоқпар ғой барып тұрған. 01-ге барып осы дарынсыз інілеріңді бір сүйрегенді қойсаңшы енді деп айтатын жүректі бір адам жоқ екен. Әттеген-ай

Кімнен: Aman Қайдан: Actana
24.08.2010 10:14
+0 / -0
Назарбаевтың жағдайы қыйындап барады, оны баяғыда 91% бен қолдып приздентке сайласа, енді 99% пайызбен Назарабевтің тұмсығана жұдырық жіберетіндер көрінді, сол үшін ол Нұртай сияқты қанішер,арсыз, Қарақшыны сол орынға алып келді...
бұл тірліктер Назарбаевтің дәуірінің аз қалғанын ащы болсада мойындағаны...

Кімнен: ЛК
24.08.2010 10:44
+0 / -0
Ұлттық қауіпсіздік комитеті + Нұртай Әбіқаев?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.08.2010 11:01
+0 / -0
Дұрыс болған. Өте іскер, таза адам. Көп сөйлегенше жұмыс істейтін осындай адамдар басқарса бәрі жақсы болады

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Ауылдан
24.08.2010 11:08
+0 / -0
Әй, қайдаам....
Бұл қарағым бәрінен мақрұм қалды ғой....
Сәмәлөттер болса баяғыда сатылып кеткен.....
Орекеңдердің қазақтарға тастап кеткен тәнкілері Отардағы баяғыда аптогенмен кесіліп-кесіліп шүршіт еліне сатылып кетті ишалон ишалон болып....
Мұнай, мыс, марганец, уран, көмір, темірлер олар да тю тю көзден бір-бір ұшып кеткен сатылып....
Жер-мерімен бірге мына біздер де саудаға түскенбіз, ертеңіміз не болатынын тек құдайдан басқа ешкім де білмейді....білсе бүткіл қазақ елін саудаға салып отырған көкеміз білер....
Ал енді НӘН көкеміздің тірі өлік денесін күзеткеннен не табары?.....
Әй, қойшы, миллион туда, миллион суда, қайда қалмай жатқан миллиондар!!!!!
Байдың асын байғұс қызғанады дегендей ауылдың қазағы біздеге не жоқ, қойшы, бір бұйырғаны бола жатар....
Сол байшыкештер-ақ қылғынып өлсінші сұрың құрығырлар өңшең.....

Кімнен: Едіге
24.08.2010 11:36
+0 / -0
Мектепте жасы 63 ке толған мұғалімді зорлықпен "Зейнетке" шығарады.
Мынаған не жорық, "Ата сақалы аузына түскенде" Күнә арқалап. Тілімді алсаң "Немерелеріңді еркелетіп, қасында бол"
Пікір алмасу

Кімнен: Кунікей
26.08.2010 02:02
+0 / -0
Хм, немерені ойлайтын ата кані? НАН шалга ілесіп "Мисс Казакстан" болган кыз-кыркынга жаудай тиіп журген жігіт кой Нуртайчик

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.08.2010 17:50
+0 / -0
Охо СҰР Кардинал қайта келдің бе? Енді нені бүлдірер екесің.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
26.08.2010 09:41
+0 / -0
Негізі біздегі жоғарыдағы шенеуіктер екі топқа бөлінеді. Бірінші топтағылар қолдарынан "жетектеліп" сот алдына баратындар.

Ал екінші топтағылар сол сотыңа ықпал ететіндердің нақ өзі. Әбіқаевты осы екінші топтың көшбастаушысының бірі деп бағалау керек.Қанша дегенмен сутегін ағып жатқан дүниелерден кімнің айырылғысы келеді. Сондықтан мұны, ол адамның демалысқа кетпеу себебінің бірі деп те түсіну керек. Бірақ "қайта шапқан жау жаманның" кері келмесін деңіз.

Кімнен: Джи Эм Си
27.08.2010 14:58
+0 / -0
Действительно кардинал
Бұл кәрі қ.рттың қатыны католик дінінде дейді ғой Рақаң (Рахат)
Рим папасының табанын жалаған сорлылардың бірі емес пе

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
29.08.2010 05:15
+0 / -0
Ммм... тықыр таянды деңіз...

Менің ойымша бұл мәселенің шығу себептеріның астарында сайлаудың иісі шығып жатыр. Сайлау кезінде басты органдардың біріне өз жақын адамдарын қою керек. "Шаш ал десе бас алатын" басқа лайықты кандидат көріп тұрған жоқпыз...