Дүйсенбі, 28 шілде 2014, Алматы 20:22


ҚАЗАҚСТАН

ЕҚЫҰ саммиті қарсаңында параллель саммит өтпекші

Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммиті қарсаңында қауіпсіздік ұйымына кіретін елдердің азаматтық қоғам өкілдері де параллель саммит өткізуді жоспарлап отыр. Олар халықаралық қауымдастық алдында Қазақстандағы адам құқығының шынайы жағдайын дәл сипаттауды көздеп отыр.

Вячеслав Абрамов, Қазақстандағы "Фридом Хаус" ұйымының директоры. Алматы, 17 қараша 2010 жыл.Вячеслав Абрамов, Қазақстандағы "Фридом Хаус" ұйымының директоры. Алматы, 17 қараша 2010 жыл.
x
Вячеслав Абрамов, Қазақстандағы "Фридом Хаус" ұйымының директоры. Алматы, 17 қараша 2010 жыл.
Вячеслав Абрамов, Қазақстандағы "Фридом Хаус" ұйымының директоры. Алматы, 17 қараша 2010 жыл.

Мультимедиа

Дыбыс

Астанада ЕҚЫҰ саммиті қарсаңында азаматтық қоғам өкілдері бірнеше шара өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Үкіметтік емес ұйымдардың форумы (26 қараша), ЕҚЫҰ шолу конференциясы (26-28 қараша) және Үкіметтік емес ұйымдардың параллель саммиті (28-29 қараша).

САММИТ АЛДЫНДАҒЫ «САММИТ»

Дәл осы жиындармен көпшілікті таныстыру мақсатында және оған қатысу мүмкіндіктерін талқылау үшін қарашаның 17-сі күні Алматыда Адам құқығын қорғау бюросы мен «Фридом Хаус» үкіметтік емес ұйымдар үшін арнайы кездесу ұйымдастырды. Олардың айтуынша, мұндай кездесу республиканың өзге аймақтарында да өтіп жатыр.

Мамандардың сөзіне қарағанда, ЕҚЫҰ-ның шолу конференциясы Варшава мен Венада адам құқықтары бойынша осы күзде өткен конференцияның жалғасы. Онда негізінен үш мәселе қарастырылмақ: сөз бостандығы, трафик және алалаушылыққа жол бермеу.

Ал жаздан бері айтылып келе жатқан Үкіметтік емес ұйымдардың параллель конференциясына келсек, мамандардың айтуынша, бұл конференцияда негізінен ЕҚЫҰ ұйымының болашағы талқыланбақ көрінеді.

- Атап айтқанда, ЕҚЫҰ институттарының қызметі мен оларды реформалау қажеттілігі. Көптеген сарапшылар қазіргі таңда бұл институттардың тиімді жұмыс істемей отырғанын айтып отыр, - деді «Фридом Хаус» құқыққорғау ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Вячеслав Абрамов. Бұл параллель саммитке қазірдің өзінде жүзге жуық үкіметтік емес ұйым қатысуға ниет білдіріп отыр.

БИЛІКТІҢ ТАКТИКАСЫ

Адам құқығын қорғау саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан алматылық Хельсинкі комитетінің жетекшісі Нинель Фокина үкіметтік емес ұйымдарды алда өтетін жиындар барысында биліктің қитұрқы әрекеттерінен сақтандырып, өз позицияларын көпке айқын жеткізуге шақырды.

- Бұл тектес конференцияға қатысып көрмеген азаматтарға үкіметтің қолданып жүрген жаңа тактикасына дайын болу керектігін ескерте кетейін. Алғашқы жылдары үкіметіміз өзіміздің ғана емес, өзге елдердің ұйымдары тарапынан айтылған сындарды тыңдап қана қоймай, оларды жоққа шығаруға тырысып, «өзің де сондайсың» деген принцип бойынша қызыл кеңірдек боп айтысатын. Соңғы үш жылда үкіметіміз тактикасын қатты өзгертті. Олар енді үнемі сын айтылып жүрген салалардағы деректерді жинап, оған алдын-ала жауап дайындап, сол бойынша дайындалған делегаттарды көп әкелетін болды, - дейді Нинель Фокина.
Нинель Фокина, алматылық Хельсинкі комитетінің жетекшісі. Алматы, 17 қараша 2010 жыл.

Бұған қоса ол, қазіргі таңда үкімет тарапынан қаржы алып, мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін жасанды «үкіметтік ұйымдардың» да пайда болғанын айтып, мұны да билік тактикасының екінші түрі деп бағалайды.

- Бұл өкінішке орай, айталық мүгедектердің, балалардың құқығын қорғайтын әлеуметтік ұйымдар емес, идеологиялық тұрғыда қарама-қарсы үгіт-насихат жүргізуге бағытталған ұйымдар, - дейді Нинель Фокина.

Нинель Фокинаның айтуынша, ЕҚЫҰ-ның шолу конференциясында талқыланатын үш тақырып та(сөз бостандығы, трафик, алалаушылыққа жол бермеу) Қазақстан үшін өте маңызды. Бұл салаларда шешуін таппаған мәселелердің көптігіне қарамастан билік өкілдері оны ушықтырмай, тігісін жатқызып көрсетуге тырысады.

- Қазақстанда Әділет министрлігі барлық заңды тұлғаларды тіркейді, олардың арасында қоғамдық ұйымдар да бар. Діни ұйымдардан басқасын. Діни ұйымдарды дін істері бойынша комитет тіркейді. Және оларға келгенде басқа заңды яғни, діни ұйымдар туралы заңды «сөйлетеді». Бұл - заңды тұлғалардың белгісі бойынша алалау, - деді Нинель Фокина.

Кездесу барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға бола отырып, оның принциптерін сыйламағанын атап өткен Нинель Фокина төрағалық мерзімінің аяқталып келе жатқанына шүкіршілік етті.

- Құдайға шүкір, бір жағынан Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының мерзімі аяқталып келеді. Ал бір жағынан, ЕҚЫҰ қанша дегенмен үлкен де инертті ұйым ғой, ешқандай Қазақстанның бір жылдың ішінде оның түбіне жетуге шамасы жетпейді, - деп сөзін тәмамдады Нинель Фокина.

Талқылауға жиналған құқыққорғаушылар, үкіметтік емес ұйым өкілдері жиынға қатысу мәселерін пысықтау үшін тағы бір мәрте жолығыспақ болып келісіп тарқасты.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Асылбек
27.11.2010 14:49
+0 / -0
ЕҚЫҰ саммиті болғаны Қазақстанға көп пайда. Нұр Отан - ның істеген жымыстарын осы іс-шараның өткізілуінен байқаймыз. Бұл біз үшін өте маңызды.

Кімнен: Ерлан
29.11.2010 11:13
+0 / -0
Орталық Азиядағы қарқынды дамып келе жатқан жас мемлектіміздің ЕҚЫҰ-ға 2010 жылдың қаңтар айынан бастап төрағалық етуі біз үшін тарихи маңызға ие.
Пікір алмасу

Кімнен: Қайрат
29.11.2010 13:45
+0 / -0
Қазір ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің барлығы дерлік Саммитке арналған ұзақмерзімді және тұрақты саяси декларациясының мәтініне жұмыс істеп жатыр. Яғни стратегиялық жобасы нақты белгіленген, ЕҚЫҰ-ның болашақтағы бағытын айқын көрсетіп тұратын декларация пайда болады деп сенеміз

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Редактор таңдауы

Жинақтаушы зейнетақы қорының көшедегі баннері. Алматы, 29 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Зейнетақы реформасы: бір үміт, мың күдік

Әйелдердің зейнетке шығу жасын ұзартып, Бірегей зейнетақы қорын құрғаннан кейін де пенсия жүйесінің реформасы бітпейді. Енді жұмыс берушіні табыстың бес пайызын зейнет қорына аударуға міндеттемек. Толығырақ