Тыңдау

Қазір әуеде

Таңғы бағдарлама

Келесі бағдарлама




Мультимедиа

Әлеумет

Ақтолқын ұстаз болып жұмыс істеу үшін бетіне операция жасатуды армандайды

Ақтолқын Көбегенқызы, Атыраудағы педагогикалық колледждің шәкірті.

05.02.2010

19 жасар Ақтолқын Көбегенқызы биыл педагогикалық колледжді тәмамдайды. Алайда, бала кезінде күйік шалған келбеті балалармен жұмыс істеуіне кедергі бола ма деп уайымдайтын бойжеткеннің арманы - пластикалық операция жасату.


ЖОЛ ҮСТІНДЕГІ АПАТ

Атырау қаласының тұрғыны Ақтолқын Көбегенқызы өте ақкөңіл, көпшіл қыз. Бала кезінен ол бетіне операция жасауды армандайды. Бойжеткеннің туыстары мен сүйген жігітінің де тілейтіні сол.

Ақтолқын Көбегенқызы Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылында дүниеге келген. Бес айлық нәресте кезінде ол анасымен жол апатына ұшырап, анасы қаза табады да, Ақтолқынның бетін күйік шалады. Қайғылы оқиғадан кейін алғашқы уақытта Ақтолқын анасының алыс туыстарының бірі Гүлнар Атшыбаеваның қамқорлығында болған.

– Ақтолқынның әкесі әйелін жерлеу қамымен жүрді, Ақтолқынды маған аманат етіп тастап кетті. Сол кезде біз баланы Алматыдағы №1
Гүлнар Атшыбаева, Ақтолқын Көбегенқызының апайы. Отбасылық мұрағаттағы сурет.
балалар ауруханасына апардық, сол жерде Ақтолқынға операция жасады. Дәрігерлер оның бетіне аяғының терісін алып жапсырды. Барлық беті дәкемен таңылған болатын. Сол кездегі дәрігердің маған: «баланың жақсы болып кетуі 99 пайыз сізге байланысты, қалған бір пайызы ғана маған байланысты» деп айтқаны есімде. Сол себептен оның жыламауы үшін бар күшімді салдым, өйткені, сәбидің жылағаны өзінің бет-әлпетіне әсер ететін болған еді, – дейді Ақтолқынның апайы Гүлнар Атшыбаева Азаттық радиосының тілшілеріне.

Гүлнар Атшыбаеваның айтуынша, ол Ақтолқынға қарау үшін қолынан келгеннің барлығын жасаған. Бала-шағаға бас-көз болуды жұбайына тапсырып, өзі бір айы бойы бетін күйік шалған сәбимен ауруханада жатқан. Дәкемен таңып тастаған баланы төгіп-шашпай тамақтандыру оңайға түспеген. Баланы жылатпай жөргегін ауыстыру да жеңіл шаруа болмаған.

Кейде Гүлнар науқас баланың жанында отырып ұйықтап кетпес үшін өз тырнағының астына ине тыққан күндер де болыпты. Оның айтуынша, сол кезде ұйқы қашып кетеді екен. Сөйтіп, арада бір ай өткенде Ақтолқынды туыстары өз үйіне, Атырау облысына алып кеткен.

– Дәрігерлердің кеңесі бойынша, Ақтолқынға 4-5 жасында тағы бір операция жасалуы керек еді. Алайда, отбасылық жағдайға байланысты, олар Ақтолқынды әкеле алмады. Анасының артынша Ақтолқынның әкесі де о дүниелік болды. Кәмелетке толмаған ағасымен бірге тұлдыр жетім қалған Ақтолқынды шалғайдағы Атыраудан Алматыға кім әкелсін? – дейді Ақтолқынның апайы Гүлнар Атшыбаева.

БОЙЖЕТКЕННІҢ АРМАНЫ

Мектеп қабырғасында жүрген кішкентай кезінен ұстаз болуды армандаған Ақтолқын осы мақсатпен облыс орталығы Атырауға келген. Бұл қалада оның тұрмысқа шыққан апайлары тұрады. Ал ағасы Ақтолқын Атырауға кетпес бұрын оны қалаға бармауға үгіттепті. Ол қарындасының түріне қарап елдер күлкі етеді деп ойлаған.

Алайда, Ақтолқын өз алған бетінен қайтпай, қалаға келіп, педагогикалық колледжге оқуға түскен. Биыл қолына диплом алып, жұмысқа
Ақтолқын Көбегенқызы, Атыраудағы педагогикалық колледждің шәкірті.
кірісуі керек. Алайда, Ақтолқын жұмыс берушілер өзінің сырт келбетіне қарап, жұмысқа алмай қоя ма деп уайымдайды.

– Сабақ барысында біз мектептерде, балабақшаларда тәжірибеден өтеміз. Сол кезде балалар менен сұрайды: «бетіңізге не болған?» деп. Мен қатты ыңғайсызданамын сондай сәттерде. Себебі, балалар қорқады, қазіргі балалар басқаша көзқараста. Бәрібір олар ең алдымен тәрбиешінің түріне қарайды ғой, біліміне емес, – дейді Ақтолқын Көбегенқызы.

Ақтолқынның бүлдіршін шағында баласындай қараған Гүлнар Атшыбаева да бойжеткеннің
Өзі өте көпшіл, өте мейірімді. Оны білгендердің барлығы оны жақсы көріп қалады. Бірақ, болашақта өмірі қалай болады, жеке өмірі қалай қалыптасады?
болашағына алаңдайды. Оның айтуынша, Ақтолқын туып-өскен ауылдың балалары оның басында болған қасіреті жайында білетіндіктен, оны ешкім ренжітпейтін. Ал колледжге келгенде ұстаздар да оған түсіністікпен қарап, оны қорғап жүретін.

– Өзі өте көпшіл, өте мейірімді. Оны білгендердің барлығы оны жақсы көріп қалады. Бірақ, болашақта өмірі қалай болады, жеке өмірі қалай қалыптасады? Осының барлығы мені қатты алаңдатады. Ол тұлдыр жетім болғандықтан көмектесетін де ешкім жоқ, – дейді Гүлнар Атшыбаева.

Ақтолқын болса өзінің күндіз-түні ойға беріліп, армандайтыны – бетіне пластикалық операция жасату екендігін айтады, бірақ жас қыздың оған мүмкіндігі жоқ.

Тұрмысқа шыққан екі әпкесінің шама-шарқылары өз отбасыларынан артылмайды. Ал жалғыз ағасы ауылдағы көптің қатарында жұмыссыз отыр. Сол себепті, Ақтолқын өзі армандайтын операцияны жасатуға қол ұшын беретін қайырымды жандар кездессе ғой деп қиялдайды.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: bokky Қайдан: hetay pekyn
06.02.2010 08:37
жақында бізде(қытайда) Айнұр деген апекемыз(студент) аққан рагіна шалдіғіп, оператсиа жасамаса, үш айлық ғана өмірі қалды дегенде, бұкыл мемлекет боп жылу атадық, біздер мектепте жиылдық, ауылда қазақтар жиылды, ешкі-лағын сатып дегендей, ұлкен-ұлкен серіктіктың бастықтары,шинжияң олкесының бастығы,әр саладағы қытай жолдастар жән-дармен комектесты.милоннан артық жылу ақшаның арқасында, осы 30 қаңтарда оператсия сәтті болып, бір қазақ баласы ажалдан аман қалды. сондағы ата-анасының бұршақтап кеткен жасын корып, қатты тебірендік, біріншіден құдайға,екіншіден қытайға рақымет дедік, қалайша демеске, бұны айтып отырғаным, әр қазақ азаматынан да сондай жақсылық, қолсозушылық шығатынына сенемын, ал біз алыста отырып, тек ғана алладан амандығыңызды сұраймыз Ақтолқын апеке, жақсы сөз - жарым іріс, сізге бақыт тылеймын~ !
Пікір алмасу

Кімнен: bakhyt Қайдан: Mongolia
06.02.2010 14:07
tolih nege jazbaisindar, Esepshot, halai habarlasu turali, aiteu bir sahaudin

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.02.2010 19:27
Бәрі жақсы-ақ болып кетеді. Тек үлкен үмітті үзбеу керек!

Кімнен: Бауыржан Қайдан: Қызылорда қаласы
07.02.2010 21:46
Қарындасым Ақтолқын арманың орындалып, қазақ қызының сұлулығы ажарыңнан табылатын болсын. Ешқашан мойыма келбетіңді жұртқа көрсетуден ұялма. Сагантағы айтар ағалық тілегім бақытты бол

Кімнен: ahmed Қайдан: boston
07.02.2010 23:52
REDAKCIA,

NEGE BALAGA BOLEK ESEP-SHOT ASHYP, YLESINIZDI KOSPAISYZ?

EL BOLYP, ZHYRT BOP ZHINALMAYMYZ BA?

BYREUGE KARYNDAS, BYREUGE SINILI BOLADY BYL BALA...

ZHAN ASHYR BOLAR ADAM BARSHYLYK SHYGAR ???

KOLYMYZDAN KELERIN BIZ DE KOSARMYZ

Кімнен: казак Қайдан: казакстан
08.02.2010 03:19
НАНнын жеп койган акшасынан миллион евро суырып алып беру керек!

Кімнен: Meiramgul Қайдан: Atyrau kalasy
08.02.2010 13:48
Курметти осы макаланы окыган барша Журтшылык! Тилектеринизге мында бир алгыс! Осы тагдыры киын, бирак ешкашандай киындыкка мойымаган, аяулы бойжеткенге колымыздан келгенше комек корсетейик!

Кімнен: Тілеуқор Қайдан: Астана
08.02.2010 18:03
Айтолқын - Алланың сүйікті перзенті. Осы жағдайды кім Имекеңе - Иманғали Тасмағамбетовке жеткізсе, ризашылығымызды білірер едік.

Кімнен: Атыраудан
10.02.2010 14:22
Қайдағы Иманғали? Биліктен еш көмек күтпейік! Көмек Аллаһтан,халықтан болады. Әл-Халик та Аллаһтың құрметті бір есімі. Туылған ауылы Мұқырда сең қозғалды.

Кімнен: Айбар Қайдан: Атырау
10.02.2010 19:12
АҚШ зілзала болған Гаитиге 22 млн. доллар аударып көмектессе, жеке тұлға Динара Назарбаева Женева қаласынан 72,8 млн. долларға жер сатып алды,олар халықтың сол ақшасына тұншықсын!
Ал біздің бұл қарындасқа шамамен 20-25 мың доллар қаражаттай керек болар. "Көп түкірсе-көл"-дегендей,көмектесейік барымызша.

Кімнен: Айтолқын Қайдан: Шымкент
11.02.2010 13:43
Айналайын, қазақ бауырлар! неге көмекті жоғары биліктен, адамзаттан тілейміз? Неге бір Алладан сурамаймыз? Алдымен алладан шын жүрегімізбен, ниетімізбен тілесек береді. Ақтолқын ешқашан мойыма, алладан саған тек аман болуыңды, ойлаған ойыңның, арманыңның орындалуын тілеймін. Жастың тілеуін береді дейді.

Кімнен: Гульмира Қайдан: Алматы
12.02.2010 13:23
Құрметті оқырмандар, рахмет сіздерге! Ақтолқын қазір арнайы аурухана іздеп жатыр. Оған операция жасайтын дәрігерлер табылған сәтте біз сіздерге Ақтолқынға қандай көмек керегін хабарлаймыз. Үлкен құрметпен, автор.

Кімнен: Гульмира Қайдан: Атырау
22.02.2010 22:25
Халайықтар барлықтарыңызға салем! Мен Ақтолқынның группаласымын атым Гүлмира,я достар Ақтолқын автор жазғандай ақкөңіл қыз,біз оны өте жақсы көреміз!Бәрімізде бір Алладан үмітімізді үзбейміз,замандастар барлығымыз Ақтолқын үшін қолымыздан келгенді аямайықшы!Өтінемін! Оның бұл ес білгелі бергі арманы ғой! Ақтоқ жан құрбым уайымдама жаным біз бәріміз жүрегінде иманы бар халық және бауырларын бәрі - бәрі сенімен бірге! Ең біріншіден осы үлкен шаруаны қолға алған автор сізге үлкен рахмет! Аллаға шүкір барлық Қазақстандықтар осы біздің құрбымыздың болашағына үлкен үлес қосады деген ойдамын! Атырау гуманитарлық колледжі 4 (9)М 4курс студенттери сенимен бирге!

Кімнен: Ақтолқын (кейіпкер) Қайдан: Атырау, Мұқыр
23.02.2010 20:41
Баршаңызға рахмет. Ізгі тілектеріңізді Алла қабыл етсінші. Қолдау көрсетуге тырысқандарыңыз үшін ризамын.

Кімнен: Нұрислам Қайдан: Атырау-Қызылқоға-Мұқыр
24.02.2010 01:18
Жақсылық жасауға асыққандар үшін ризамын.
     
Мәтін көлемі - +