Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:45

МӘДЕНИЕТ

Айбек пен Жандарбек ақындардың айтысы

Азаттық радиосы тыңдарманға «...Тіл кеспек жоқ» деген атпен өткен республикалық айтыстағы Айбек Қалиев пен Жандарбек Бұлғақов ақындардың жыр сайысын ұсынады. Осы екі ақынның айтысымен биылғы наурыз-айтыс хабарларын тәмамдаймыз.

Мәтін көлемі - +

Айбек пен Жандарбек ақындардың айтысын мына жерден тыңдаңыз

Бұл жұптың айтысының алдында әнші Еркін Шүкіман Ақселеу Сейдімбектің «Дәурен-ай» әнін шырқады.

21-22 наурызда екі күнге созылған айтыс барысында қос ақын да бірнеше қарсыласпен сөз қағыстырды. Айтыста Жандарбек Бұлғақов Айбек Қалиевке Сара Тоқтамысовамен айтысында оның күйеуін сахнаға шығарғанын айта келе, Қазақстан президентінің күйеу баласы Рахат Әлиевті өлеңге қосып жіберді:

Сахнада айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
«Сара мен Ринаттікі ұрыс айтыс,
Жандарбек пен Айбектікі тыныш айтыс.
Қандай айтыс болса да, Айбек аға,
Баламен ел алдында дұрыс айтыс.

Жалында жас баладай төзімізге,
Ай, аға жұп қылыпты сені бізге.
Сараның сен күйеуін шығардың ғой,
Жерде қалып жатқан жоқ сөзіңізде.

Күміскүлдің күйеуін шығарғанда,
Риза болып қалып едім, өзіңізге.
Енді Сізге ұсыныс айтайыншы,
Шап-шап айтысында кезімізде.

Күйеулерді көрсеткіш Қалиев-ау,
Әлиевті көрсетші көзімізге-ай, ау.
Қазылар Сізге қосып жеребемді,
Қошеметтер қоздырды делебемді.

Сара қыздың күйеуін сұрадың ғой,
Өлеңмен танытқандай өнегеңді.
Мен болсам, жалындаған жас баламын,
Ай-аға айтысқайсыз елеп енді.

Айтақынды көрсетіп, құтылмасам,
Мен Сізге көрсетемін неменемді».

Айбек Қалиев бұл астарлы әзілге уытты қалжың жырмен қарымта жауап айтты:

Айтыскер ақын Айбек Қалиев. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
«Әй, әй бала ақырын түш деп отыр,
Біздерге аңдап сөйлер тұс кеп отыр.
Әлиевті көрсет деп көзімізге,
Жандарбек мені неге күштеп отыр.

Қашып кеткен күйеулер шетел асып,
Әйтеуір білгендерін істеп отыр.
Мен түгіл сол күйеуге қолы жетпей,
Елбасы да бармағын тістеп отыр.

Қоздырып ел-жұртымның делебесін,
Суырдым өлеңімнің селебесін.
Жөн айтысқа көшейік ал, Жандарбек,
Қайтеміз өзгелердің ерегесін.

Бес жаста көрсетерін көрсетті ғой,
Шынында көрсетеді неменесін».


Айтыс барысында Жандарбек Бұлғақов «Атаңнан қалған айтысты апарып тықпа молаға!» деп Қазақстан президентіне жырмен дат айтты.

Алғаш рет Шақшақ Жәнібек батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтысқа 15 жасында қатысқан Айбек Қалиев 1978 жылы Торғай облысы, Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында дүниеге келген. Талай рет айтыста топ жарған Айбек Қалиевтің жекпе-жек айтыстағы Мэлс Қосымбаевпен болған жыр сайысы өткірлігімен жұрт жадында қалған-ды.

Айтақын Бұлғақовтың ұлы Жандарбек Бұлғақов 6-сыныпта оқып жүрген шағында айтысқа түсе бастаған. 15 жасында тұңғыш рет респбуликалық жыр додасына түскен. Жандарбек Бұлғақов әр қатысқан айтыстан жүлделі орындар иеленіп, жыры көрермен көңілінен шығып келеді.

Соның бірі биылғы наурыз мейрамына күндері Алматыда өткен айтыста әкесі Айтақын Бұлғақовпен жыр сайысы болды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қазақ қызы Қайдан: Астана
12.04.2010 15:41
+0 / -0
сіздерге көп рахмет! керемет айтыс. рас, ақындарымыздың бәрі Айбектей болса билік біздің сөзге құлақ асар ма еді. кім білсін...

Кімнен: КАЙРАТЖАН Қайдан: АСТАНА
12.04.2010 18:35
+0 / -0
Ассалаумагалейкум! мына айтыс деген бир тамаша болды гой оте жаксы откен айтыс АЗЗАТТЫК РАДИОсына коп рахмет коп коп рахмет! енди калган айтыстарды неге жарияламайтын болдыныздар сол жери окиништи болып тур жане кайдан алуга болады толык айтысты соны айтып жибересиздер ме: алде менин почтама жибериниздер кыиын болмаса АЛДАН АЛА РАХМЕТ АЗАТТЫККА

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.04.2010 18:45
+0 / -0
Құрметті редакция! Мэлс Елеусізов ақын емес эколог қой, мүмкін Мэлс Қосымбаев шығар?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.04.2010 18:01
+0 / -0
неге Айбек ақынның Балғынбек Имашевпен болған айтысы сайтқа шығарылмаған
Пікір алмасу

Кімнен: кайратжан Қайдан: астана
14.04.2010 12:53
+0 / -0
Ассалямуагалейкум курметти АЗАТТЫК сиздерге отиниш калган айтысты берулеринизди сураймын.

Кімнен: Қазақ
14.04.2010 14:24
+0 / -0
Ассаламу алейкум калай коширип алса болады екен!!!!,,,???
Пікір алмасу

Кімнен: Зәуре
21.04.2010 11:55
+0 / -0
Жүктеу деген жерге бассаңыз, компыңызға жазылады. Атын өзіңіз жазып, сақтап қоясыз.

Кімнен: Yerke Қайдан: Shymkent
14.04.2010 17:51
+0 / -0
АЗАТТЫК Ринат пен Сараның айтысыn kashan shigarasizdar? Alde shigarmaisizdar ma?

Кімнен: Yerke Қайдан: Shymkent
15.04.2010 15:35
+0 / -0
АЗАТТЫК Ринат пен Сараның айтысыn kashan shigarasizdar? Alde shigarmaisizdar ma?

Кімнен: Yerke Қайдан: Shymkent
16.04.2010 15:18
+0 / -0
АЗАТТЫК Ринат пен Сараның айтысыn kashan shigarasizdar? Alde shigarmaisizdar ma?

Кімнен: айтыс Қайдан: астана
21.04.2010 12:50
+0 / -0
азаттык адамдармен санаспайды екен каншама рет сурап жатырмыз айтысты олар бир тил катпады гой оздери
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
21.04.2010 12:55
+0 / -0
Құрметті оқырмандар,

сіздердің сұрауларыңыз бойынша Ринат пен Сара ақындардың айтысы жақын уақытта сайтымызда жарияланатындығы жөнінде өздеріңізді хабардар еткелі отырмыз.

Сайтымызға кіріп, қызығушылық танытқандарыңыз үшін рақмет!

Кімнен: Абзал Қайдан: Алматы
07.05.2010 10:53
+0 / -0
Құрметті қазақ қызы! Ақынның бәрі Айбек сияқты емес дегеніңізге қосыла алмаймын. Айтыс тек билікті күстаналаудың сахнасы емес. Айтыс елдің мұңын ғана айтып қоймай, өнердің биіктігін, көркемдігін де көрсетуі тиіс. Барлық ақын да шамасы келгенше халықтың жоғын жоқтайды. Ал Айбек өзімен өзі айтысып не шындықты айтар дейсіз. Сондықтан оған сол шындықты айтуға жағдай туғызатын қарсыласын да бағалауға тиіспіз ғой.

Кімнен: айтыс суиер кауым
10.05.2010 12:09
+0 / -0
маган калган айтыстар керек азаттыкка коп рахмет