Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:46

МӘДЕНИЕТ

Айтақын мен Балғынбек ақындардың айтысы

Азаттық радиосы тыңдарманға «...Тіл кеспек жоқ!» деген атпен өткен наурыз айтыстағы ең қызықты сөз сайыстың бірі болған Айтақын Бұлғақов пен Балғынбек Имашевтың жыр додасын ұсынады.

Сахнада айтыскер ақындар: Айтақын Бұлғақов (сол жақта) пен Балғынбек Имашев. Алматы, 22 наурыз 2010 жыл.
x
Сахнада айтыскер ақындар: Айтақын Бұлғақов (сол жақта) пен Балғынбек Имашев. Алматы, 22 наурыз 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

Айтақын мен Балғынбек ақындардың айтысын мына жерден тыңдаңыз.

21-22 наурызда өткен айтыстағы ел көңілінен шыққан айтыстың бірі Айтақын Бұлғақов пен Балғынбек Имашев арасында өтті. Қос ақын да Алматы облысының тумалары әрі Айтақын Бұлғақов Балғынбек Имашевтың айтыстағы ұстазы болып келеді.

Бұған дейін әкелі-балалы Айтақын мен Жандарбек Бұлғақовтардың арасында өткен әдемі әзілге құрылған сөз сайысы Айтақын мен Балғынбек ақындардың айтысында да жалғасын тапты:

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев. Алматы, 22 наурыз 2010 жыл.
«Айтақын әрі шешен әрі бисің,
Өзіңсің әрі бақсым әрі бишім.
Ленин өлді дегенге сенбей жүрген,
Ассалаумағалейкум, коммунисім.

Мен шестый сотый мерседес болған кезде,
Сен қып-қызыл десятка-камрисің.
Кешегі СССР-ді мадақтаған,
Құдай-ау, өзің қандай наглыйсың.

Қызыл шапан киіп алған көкем менің,
Қыздың тілін табуға өте бейім.
Тоқал, тоқал деп кеше қоймадың ғой,
Мен бірден сол шаруаға төтелейін.

Сүймеймін деген қызды шөкелейін,
Тимеймін деген қызды төпелейін.
Шәкіртің шариғаттың шамын жақты,
Өзім-ақ, дін жолымен некелейін», - деп ұстазымен әзілі жарасқан Балғынбек Имашевқа Айтақын Бұлғақов қарсы жауабында қарсыласының қаба сақалын қағытып, жырға қосты:

Айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
«Уағалайкүмассалам, «Нұр Отаным»,
Аузы, басы қыл-қыбыр жүн отаның.
Карл менен Марксте сақалды ғой,
Мен өзі сақалдыны ұнатамын.

Ленин мен Калининде сақал болған,
Екеуі баласы ғой бір атаның.
Бай, кулак, жемқорларды жазаласам,
Ел алдына шығарып тура атамын.

Сендер құсап үш оқты шығындамай,
Біліп қой бір оқпенен тура атамын.
Байлардың байлықтарын кәмпіскелеп,
Тоғышар шекпендіні тулатамын.

Қара жерді кедейге бөліп беріп,
Капиталист дегенді құлатамын.
Серікболсын Әбділдин аман болса,
Октябрдің көресің бұла таңын».

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген Айтақын Бұлғақов өткен ғасырдың сексенші жылдарынан бастап айтыса бастаған. Республикалық айтыстардың жүлдегері, көрерменге танымал айтыскер ақын Айтақын Бұлғақовтың ел аузында жүрген тартысты айтыстары көп.

Республикалық айтыстарда топ жарып жүрген Балғынбек Имашевтің Ринат Зайытовпен болған «орысша айтысы» да ел аузында.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
06.04.2010 17:29
+0 / -0
Осынау болып өткен айтыс мәдениеттен жұрдай айтыс болды. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді демекші Балғынбектің бос балонды үрлей бер деген сөзі тыңдарман ретінде менің жанымды құлазытып-ақ тастады. Осы жолдардан кейін мен Азаттық толқынын жауып тастадым. Бұл недеген сұмдық қаншама ақындар жырға қосқан аруларымызды балонға теңеп өзін насос корген Балғынбекті қазылар алқасы есі бар болса айтыс үстінде тоқтатып 3 жылға үлкен айтыстарға қатысуға болмайды деген ескерту жасау керек еді.
Меніңше бүгінгі күнгі айтыс азғындап кетті, деген ойға барғым келмесе де, Жүрсіннің жазба ақындығына ойысқаны дұрыс-ау....Өңшең таяз ойлы арзан сөзбен қаруланған тобырды бастап жүргеніңіз қалай дегім де келеді.....Балғынбек сен аналарымызға тіл тигіздің! Қайран Мұқағали мен Төлеген жырлаған аруларымыз -ай.......
Пікір алмасу

Кімнен: Алматы Қайдан: Алматыдан
06.04.2010 18:01
+0 / -0
Тәке Сіз өте дұрыс айтып отырсыз. Өткенде айтыс туралы мен де сыни пікірімді білдіріп едім, жерден алып жерге салды. Түп-тұқиянымнан тартып қағып, сілкіп біраз жерге апарып тастады. Мен "Ит мені қапқан екен деп, мен де итті қапсам аузымның не қасиеті қалады" деп сабырға келдім. Әрине, айтыс құрсаудағы қоғамдық ойды су бетіне шығаратыны айдан анық. Ол екібастан дұрыс. Алайда, соңғы жылдардағы айтыстың өнер ретіндегі сапасының анау айтқандай қолсоғар еместігі мәлім.

Кімнен: Жүсіп Қайдан: Алматы
06.04.2010 19:55
+0 / -0
Тәке сіз Балғымбекті дұрұс түсінбей қалып ашуға салған екенсіз. Сабыр сақтауыңызды өтінем.Өйткені ол ардақты аруларды газбалонға теңеген жоқ. Балғымбектің бұл сөзін түсүну үшін Айтақын мен баласының айтысын тыңдаңыз.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
06.04.2010 20:51
+0 / -0
Жүсіп мырза ғалам тордағы Айтақын мен Балғынбектің айтысы бойынша тұжырым жасадым. Ал жалпақ елге бұл сөзді түсіну үшін ананы тыңда мынаны тыңда деп қалай айтасын." Нақты факты бойынша Балғынбек ойланбай сөз құраған! Осы соңғы жұптың айтысы өзгелерге көлеңке түсіріп тұрғаны ақиқат!
Меніңше айтыстың деңгейін әлі де болса көтеріп, мәдениеті білімі терең парасатты жандарды тарту керек бұл өнерге....Айытлағн сөз оқпен тең..Іріген ауыздан шіріген сөз шығады......!

Кімнен: Самурай Қайдан: Тараз
06.04.2010 21:38
+0 / -0
Такеңді қостаймын! тоқал туралы айтып-айтып келіп бос балонды үрлей бер дегені дұрыс болмаган! Мұндағы кінәрат Балғынбек, қазақтың қара өлеңін шумағына дұрыс қолданбаған. Өлең құрамаған анекдот құраған...
"Абалағанның бәрі әнші емес сабалағанның бәрі күйші емес зарлағанның бәрі ақын емес"

Кімнен: Жаке
07.04.2010 10:25
+0 / -0
Такене,Алматы, Самурай Сиздердики "Ит жок жерде шошка урединин" кеби, Айтпесе Анайылыктын небир турин корсетип жаткан телеарналар,газеттерге айтпайсындар ма айткышпектер,Акын агыптурган сел гой,Онын айкан азилинен кемшилик издеп байбалам салу адепсиздикке жатады.алгынбек айткан бир шумакты курай алмай отырып айткан ангимелерине болайын сендердин

Кімнен: Адыраспан Қайдан: Алатау
07.04.2010 14:09
+0 / -0
Тәке! Балғынбек әл жас қой . Бір жолға кешірейік! Көш жүре түзеледі....Қайта бұл Балғынбектен кейінгі ақындарға үлкен сабақ....

Кімнен: Ереке Қайдан: Караганды
07.04.2010 17:43
+0 / -0
Таке сози дурыс. Айтыс керек, бирак сапа денгейин котермесек болмайды. Ал сапа тек сын бар кезде оналары малим. Шын адил сынга акылды жан куанады, баскасын не кыламыз... Тагы бир маселе. Айтысты туракты турде откизип турмаса болмайды. Жане жеке жеке такырыптарга арнап, маселен, тилге болек, наурызга болек, тарихи улы тулгаларымызга болек, т.т. Осыны оппозициядагы калталыларымыз колга алмай ма, нагыз кажет ис болар еди бул. Айтпесе, еки жылда бир рет откизип турсак сапа тугил акындарымыздан да айырылырмыз

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.04.2010 23:54
+0 / -0
ай бейшаралар ай... тапкан екенсиндер соз теке тиресин

Кімнен: Тәке Қайдан: Елден
09.04.2010 10:39
+0 / -0
Кешірдім бір жолға! Мұнан кейін байқа! Намысымызға тиме!

Кімнен: Нуржан Қайдан: Астана
14.04.2010 18:43
+0 / -0
бул жерде Балгынбектін осындай создерді айтуына - Айтакыннын а дегенен желікпе создері туткі болды емес пе. Салмакты ой айтуыдын орнына напсисинін азыгын елдін алдында жар салып.